Мұхаммед Юсуф — Сағынып кеттім түсіме кірші

Мұхаммед Юсуф — Сағынып кеттім түсіме кірші

Maecenas mauris elementum, est morbi interdum cursus at elite imperdiet libero. Proin odios dapibus integer an nulla augue pharetra cursus.

Мұхаммед Юсуф 1954 жылы 26 сәуірде Андижан облысы, Мархамат ауданындағы Ковунчи ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Орыс тілі мен әдебиеті институтында оқып, 1978 жылы бітірді. 1978-1980 жж. Республикалық Кітап дүкендері қоғамының мүшесі, 1980-1986 жылдары «Ташкент акшоми» газетінде, 1986-1992 жж. 1992-1995 жылдары «Өзбекстан үні» газетінде, Өзбек ақпараттық агенттігінде жұмыс істеді, ал 1995-1996 жылдары Мемлекеттік және қоғамдық құрылыс академиясында оқыды. 1997 жылдан өмірінің соңына дейін Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасының орынбасары болды.
М. Юсуф — Өзбекстанның ең жас халық ақыны (1998). Оның алғашқы өлеңдері 1976 жылы «Өзбекстан әдебиеті және өнер» газетінде жарық көрді.
«Балалармен айналысуға болатын нәрсе бар» (1987), «Илтижо» (1988), «Ұйқыдағы қыз»,«Bevafo çok çok» (1991), « Ерке көңіл » (1992) «Күлкіді кім сындырды?», « Жалған », «Түркімен қыз», «Жүр, Мухаммад біз барамыз», «Алдаушы», «Қара күн» және тағы басқа кітаптары жарыққа шыққан.
Мухаммад Юсуф 2001 жылы 1 тамызда 47 жасында қайтыс болды. 2013 жылғы 27 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Президенті «Халық ақыны Мухаммад Юсуфтың 60 жылдығын мерекелеу туралы» ұлттық әдеби -мәдени дәстүрлерге, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге, жас ұрпақтың қайырымдылығына, ұлттық мақтаныш пен мақтаныштың қалыптасуына қосқан үлесін ескере отырып, ақынның туған күнін » Өзбек ұлттық әдебиетінің » шынайы мерекесі ретінде атап өтті.

Ұлыма

Шерзод ұлым, өр ұлым, заңғар ұлым,
Сені сағынбағаным, жалған ұлым.
Сағынғаным мөлдіреп жол қараймын,
Менің көңілім өзіңде, арман ұлым.
Жүрегімде сағыныш сезімі бар,
Сезімі жоқ жандардан қорған ұлым.
Өмір деген сілкінген көпірдейін,
Адамдар бар аяқтан шалған ұлым.
Шерзод ұлым, шер ұлым, заңғар ұлым,
Сені тастап кеткенім жалған ұлым.
Сені сағынбағаным жалған ұлым.

***
Қолыма алмай төгілді гүлім,
Суға түсті де ақты да кетті.
Айым тумады сүйгенім бүгін,
Өзегімді өртеп жақты да кетті.
Келіңдер бәрің көңілімді сұрап,
Жабығып жалғыз сағына бердім.
Мен сезімімді гүлдермен орап,
Өртеніп кеткен жаныма көмдім.
Махаббатым-ау, рас бағым ба едің?
Қарашағымсың көзімнің.
Ақтарып айттым аспаным менің,
Дерттерін ішкі сезімнің.
Тағдырым менің сенімен бірге,
Көнейін мейлі жазбаса бегім.
Ақша бұлттармын жеріген түннен,
Ақ жауындар ма?
— Көз жасым менің…
Қолыма алмай төгілді гүлім,
Суға түсті де ақты да кетті.
Айым тумады сүйгенім бүгін,
Өзегімді өртеп жақты да кетті.

***

Түндерде бейуақ оянып кетем,
Жылайды нәзік жүрегім неге?
-Жылама !
Саған не болды еркем?
Неге жылайсың, жүдедің неден?
Көндікпей күдік жалғана барды,
Жалғыз-ақ аулада билегім келді.
Бар жұлдыз сөнді, ол ғана қалды,
Көзіме мөлдіреп сүйгенім келді.
Жұлдыздай сөніп қалдың ба сонда?
Сен бүгін жоқсың жанымда менің .
Қинай беремін жанды қашанға?
Арман құсым ең бағымда менің.
Шегемін. Түтінге толады бөлмем,
Бөлмесі ақынның түтеп өледі.
Үмітпен келіп қалады деумен,
Жүрегім неге күте береді…

Түсіме кір…

Көбелектейін қасыңа қонып,
Көзіңе телмірсем өмір де өтпейді.
Арманда қалам асыға барып,
Шашыңды өруге қолым жетпейді.
Әр басқан ізіңнен көз алмай келем,
Көйлегің етегін сүйеді гүлдер.
Көңліңді көктем таба алмай келем,
Отыңа мендей күйеді кімдер.
Асығып барады бұл өмір — өзен,
Жүрегім соғар қоңыраулатып.
Жағасын жанның бір өмір кезем,
Күлімдеп қойшы көңіл аулатып.
Көбелектейін қасыңа қонып,
Көзіңе телмірсем көңіл көктейді.
Құлазып қалам асыға барып,
Шашың тарауға қолым жетпейді.
Тағдырым жазған,
Түсіне білші.
Сағынып кеттім түсіме кірші.

«Бақытты боламыз»

Мейлі ғой кімдерге, сынай қараса,
Оларға қосылып жабығар ма едік?
Бақытты боламыз құдай қаласа,
Қаламаса егер жолығар ма едік?
Райхан гүліндей жұпарлы әлемнен,
Күт мені және де бір айды туған …
Жарығым жылама күнәм не деумен,
Күнәңіз сені анаң шырайлы туған.
Жүрек алауы сөнбей мұздарға,
Жүрегіңіздің шетіндемін мен.
Бір өзің айтшы сендей қыз бар ма?
Кірпіктері ұзын кекілдеріңнен.
Үлбіреп тұрды үміттің гүлі,
Жаным мұңлылау сыңар әуенге.
Сүйеді сені жігітің мыңы,
Ал сен жалғызсың мынау әлемде.
Мені көп қыздар сүйеді-ау әлі ,
Мейлі ғой кімдерге сынай қараса.
Екеуміз жайлы біледі бәрі.
Бақытты боламыз құдай қаласа,
Қаламаса егер жолығар ма едік?

Аударған : Мехриддин ӨТЕГЕНОВ

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа