Дархан Көкебаев. Елорданың еңселі филармониясы

Дархан Көкебаев. Елорданың еңселі филармониясы

Дархан КӨКЕБАЕВ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының
бас редакторы

Шыңдары көкті тіреген Алатау баурайынан Сарыарқа төріне көшіріліп, ерке Есілдің жағасында бой түзеген Нұр-Сұлтан бүгінде Алаш жұртының басты ордасы болып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Еліміздің рухани мәдениетін асқақтатқан маңызды мәдени ошақтар құрылып, кенжелеп қалғандары қайта жаңа қарқынмен жанданып, өз жұмыстарын бастады. Және нәтижеде көп күттірмей
1997 жылы жаңа астанамен бірге қайта түлеген, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Ақмола облыстық филармониясы негізінде қайта құрылып, қысқа уақыт ішінде жоғары жетістіктерді кеңінен насихаттауға бағытталған концерт, музыка және дәрістер отандық және әлемдік музыкалық мәдениеттің ордасына айнала білді.
Бүгінгі таңда Қазақстан астанасының филармониясы алдыңғы қатарда концерттік және білім беру мекемелерімен қатар онда 11 шығармашылық топ: қазақ оркестр, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, фольклорлық ансамбль «Сарыарқа», «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық бөлім вокал, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі қызу шығармашылық тандем құрып, белсенді жұмыс жасауда.
Әрине Елордалық филармонияның мақтанышы елімізге танымал солистер, Қазақстанның көрнекті музыкалық қайраткерлері: Қазақстан Республикасының халық әртісі — Нұржамал Үсенбаева; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Майра Ильясова; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Ернар Мынтаев, Айтқали Жайымов (сонымен қатар «Парасат» орденінің рыцары), Айгүл Қосанова («Құрмет» орденінің рыцарьлары), Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жалтыргөзов, Алтынай Жорабаева, Гүлзира Бөкейхан; «Құрмет Абдурасул» орденінің иегері Есекеев; мәдениет қайраткерлері Нұрай Танабаев, Арайлым Рахымқызы, Күнсұлу Тұрлыбековамен қатар жаңадан өсіп келе жатқан талантты жастар еңбек етуде.
Музыкалық мәдениеттің шығармашылық байланыс дәстүрлерін сақтау үшін Ресей, Германия, Польша, АҚШ, Латвия, Израиль, Словения, шет елдердің орындаушылары мен дирижерлері; Греция, Италия және т.б. (Криштоф Пендерецкий, Владимир Ашкенази, Александр Чайковский, Денис Шаповалов, Сауль Сондекис, Пласидо Доминго, Андреа Бочелли, Сара Брайтман, Лара Фабиан, Суми Джо, Денис Мацуев, Владимир Краинев Ринат Салаватов, Бенджамин Юсупов, Роберт Канетти, Анастасиос Паппас, Роберт Гуттер, Максим Венгеров, Марко Скяво және т.б.) өнер иелері филармония жетекшілермен бірлесе жұмыс істеп келеді. Бұл шығармашылық байланыс қазақтың ұлттық музыка мұрасын жаңа қырынан дамытуға әсерін тигізе білді.

Мәдени мұра — орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің және өнердің қайнар көзі. Бұл, табиғи байлықтарымен қатар, ұлттық өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады. Ел ертеңіне аянбай қызмет жасап жатқан ұжымда тәуелсіздік жылдарында бірнеше басшы қызмет атқарды. Бүгінде ұжым басында жас әрі жаңашыл басшы келіп, ұжым бір жұдырықтай жұмылып әлемдік пандемияда онлайн концерттермен елдің ықыласына бөлене білді. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы әр түрлі бағыттағы музыкалық шығармаларды насихаттауға өз үлесін қосып, жоғары білім беру функциясына ие болды. Мәдени астананың шығармашылық және көркемдік өсуі көбінесе қоғамға әсер етудің бай мүмкіндіктері осы көрнекті концерттік ұйымның қызметімен байланысты. Білім беру мен насихаттау, жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік өнердің рухани мұрасын сақтау және жетілдіру прогрессивті ұлттың қалыптасуына ықпал етеді. Аталған барлық функциялар елордалық филармонияның басты бағыты болып саналады.
Туған жер, өскен орта қалыптасып, мәдени мұра, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ал, осы ұлттық идеологиямыз әлсіз болса барлық салаға өзінің кері ықпалын тигізетіні шүбәсіз. Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген болатын.
Ұлттық құндылықтар–ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Осы ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор мемлекет болып табылады. Сондықтан да осы мемлекеттік іске салғырт қарамай ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет.
2020 жылдың басы бүкіл әлем үшін өте қиындықпен басталды. Әлемді жайлаған індет қазақ елінеде өз әсерін тигізбей коймады. Әр саланың өкілдері қиындықтан шығу жолдарын қарастырды. Өз кезегінде елорда филормониясы ұжымының қазақ оркестр, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, фольклорлық ансамбль «Сарыарқа», «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық бөлім вокал, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі түрлі деңгейде онлайн концерттер ұйымдастырып, көрермендермен тікелей байланысқа шыға білді. Кәсіби шеберлердің өнерлерін тамашалаған қалың жұртшылық өнерпаздардың өнерін жылы қабылдап, жақсы пікірлер қалдырды. Сонымен қатар онлайн фестивальдар, мемарандумдар, акциялар, дөңгелек үстелдер өз кезегімен іске асырылып, үлкен жобалар жасалды.
Бүгінгі таңда филармония Нұр-Сұлтанның ерекше орны бар, ол өзіндік концепциясы, көркемдік ұмтылыстардың бірегейлігі және елорданың мәдени орталығы мәртебесіне сәйкес келетін түрлі концерттік бағдарламаларға ие болуда. Тәуелсіз елдің таңымен таласқан елорданың осынау керемет шығармашылық ұжымы болашақта ел игілігі үшін әлі талай жұмыстар атқаратыны сөзсіз. Білімді басшы, өз ісінің кәсіби шеберлері, өнерді жаны сүйетін болашақ жастар, мәдени мұрамызды қалыптастыратын бір ізділік биік белестерді бағындырып, ел іргесін ән мен жырға бөлемек.

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа