«Жазушылар үйіндегі» жарқын жүздесулер

«Жазушылар үйіндегі» жарқын жүздесулер

Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды бірқатар іс-шарамен бастады. Басқосу барысында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасары қылып ақын, журналист Олжас Қасымды тағайындады. Олжас Әбілұлы елордалық бөлімше шығаратын «Samuryq» республикалық журналының бас редакторының орынбасары. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында жас ақын-жазушылар қатары көбейіп, әдеби орта қалыптасып келеді.

Жаңа буынның да пікір алмасып, шығармашылық байланыс орнататын бірден бір жер – филиалдың «Жазушылар үйі». Сол себепті жастармен жұмыс жанданып, іргілі бастамалар жалғасын табуға тиіс. Жауапкершілік жүгін арқалаған қаламгер сенім үдесінен шығатынын айтты. Филиалдың мұрындық болуымен осыған дейін Еуразия астаналары қаламгерлері форумынан бастап, түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп келеді. Бөлімшенің ұйытқы болуымен жастарға серпін беретін байқаулар да жиі ұйымдастырылатыны мәлім.
Осыдан бір ай бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан ақалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Көңілде алаң басылса…» атты ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын. Айта кетейік, жыр додасын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қаржыландырды. Кіл жүйріктер қатысқан сайыстың жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті. Жас қаламгерлердің шығармаларын бағалап, сараптаған қазылар алқасының құрамында ақындар Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, филиал директоры Дәулеткерей Кәпұлы болды. Елуге тарта ақын сынға түскен жыр сайысында бас жүлдені Біржан Ахмер еншіледі. Бірінші орынға ақын Айзада Рахымжанова ие болса, екінші орын Ерлан Аманқожаға бұйырды. Ал үшінші дәрежелі дипломға Айдана Сегізбаева, Әли Бекмұханбет, ынталандыру сыйлығына Алпамыс Файзолла, Ауғанбай Санақұлы, Ерасыл Сәдуақас лайық деп табылды. Жарқырай көрінген жүлделі өлеңдерді елордалық театр актерлері оқып, көрермен назарына ұсынады. Сондай – ақ басқосу барысында қаладағы ақын-жазушыларға Әзірбайжан Елшісі Р.Маммадовтың алғыс хаты, республикалық «Samuryq» әдеби-мәдени журналы табысталды.

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа