Айдаһар айында туған ер

Айдаһар айында туған ер

Ол осыдан 130 жыл бұрын 1892 жылдың 1 науырызында дәл айдаһар сағатында,айдаһар күнінде,айдаһар айында Токиода дүниеге келген. Сондықтан оның есімін Рюноскэ деп қойды. Рю сөзінің түпкі мағынасы Айдаһар дегенді білдіреді. Жапондықтарда Айдаһар жоғарғы және төменгі сулардың билеушісі ретінде танылады, ол өте парасатты және мейірбан бірақ өте тұйық, екі жүзді әрі қу. Ол оттан туылған, ал

Ол осыдан 130 жыл бұрын 1892 жылдың 1 науырызында дәл айдаһар сағатында,айдаһар күнінде,айдаһар айында Токиода дүниеге келген. Сондықтан оның есімін Рюноскэ деп қойды. Рю сөзінің түпкі мағынасы Айдаһар дегенді білдіреді. Жапондықтарда Айдаһар жоғарғы және төменгі сулардың билеушісі ретінде танылады, ол өте парасатты және мейірбан бірақ өте тұйық, екі жүзді әрі қу. Ол оттан туылған, ал жылағанда жанарынан қан тамады. Жапондықтардың тағы бір аңызы бойынша, күн шығыста айдаһар аспан әлеміне ешқашан аяқ баса алмайды өйткені оған қанат бітпеген. Мен Рюноскэ Акутагава мен оның белгісінің паралелін өткізуден алыстамын, жұлдыз жорамалғада иланбаймын. Бірақ мына бір аспанға ешқашан аяқ баспайды деген формула тебірентеді, тебірентіп қана қоймайды көңілді пәс қылады, бұл формула емес – үкім. Рюнэско дүниеге келгенде оның ата –анасы жас емес еді. Оның әкесі сезіміне селеу түскен жар болсада бірнеше жайылым жері бар ақшалы азамат болған деген мәлімет қана бар. Ал анасы жайлы біраз көбірек, ол өте зиялы әрі даңқты отбасыдан шыққандығы, ұлы дүниеге келмей тұрып кішкентай қызын жер қойынына тапсырғандығы, және өмірінің соңын жындыханада өткізгендігі туралы мәліметтер бар. Анасының жан дертіне ұшырағандығы баланың 9 айлық кезінен байқала бастаған , бәлкім өте қажетті болғандықтан ба екен жоқ әлде салт бойынша аруақтар қызды алып кетіп ендігі ұлды да алып кетеді деді ме екен,ата-анасы баланы тастанды санап, жапон салты бойынша баланы оқыған, зерделі,парасатты,зиялы әрі кереметтей кітапханасы бар нағашы ағасына тәрбиелікке береді. Әкесі жайлы оның жазғандарында айтылмайды, бірақ анасының бейнесі оның жан дерті жайлы оның шығармаларында оқта-текте байқалалып қалады . ал енді оның «есуастың өмірі» атты автобиографиялық кітабына көз жүгіртейікші :
Ақылынан алжасқандардың барлығы бірдей сұр түстес ким киген, солардың біреуі тырысып тырмысып физгармонда гимндар ойнап отыр ал тағы біреуі бөлменің ортасында билеп,секіріп жүр. Ол бұның бәріне жүзі жылы дәрігердің қасында көз жүгірте қарап тұрды. Осыдан он жыл бұрын оның анасының бұлардан ешқандай айырмашылығы жоқ еді. Дәрігер оны дәлізбен бөлмелердің біріне ерте жүрді, бөлменің бұрышында ми салынған спирттенген үлкен оңқалар тұр, олардың бірінен дәл жұмыртқаның шашылған ағындай біраз түскен дақтың жалтырын байқады . ол терезеге қарады, ол жақта үстіне шағылған бөтелгелердің сынықтары шашылған кірпіш қоршаудан басқа ешнәрсе көзге түсе қоймадыі, тіпті солардың өзі сұрықсыз шырай танытып тұрғандай. Хоку сынды ұстамды, міне өзі жайлы үшінші жақтан айтуда. Бірақ Акутагаваның өмірін білгеннен кейін оның өміріндегі ең басты қорқынышын табуға болады, ең үлкен қорқынышы – анасының жан дертінің мұрагерлікке қалу қаупі. Сондықтан ең алғаш бөлмеде көрген жарқылмен дақ одан кейін қоршаудан көрген сұрықсыз дақтар, мүткім әлемге шашылған , себілген саған жұғып кетуі мүмкін, сенің болашағың,болашағың жындыханада деп көрсететін есуастықты байқататындай. Оның тағы бір новелласы , өлім алдында жазған новелласы « азулы дөңгелек»,ол әртүрлі ескертпелерден,дәл осындай сәуегейліктен,көріпкелдіктен , барлық жерде оның артынан бір елі қалмайтын әр түрлі жерде шашылған белгілерден құйылғандай. Ол дегенің сары түс, қарамен ақтың үйлесімділігі, адамның ұсқынсыздығы, ол алма сыртына бейнеленге жалғызмүйіз , бұның бәрі ол үшін бір –ақ нәрсені білдірді , сенің орның сары үйде. Шизофренияның бір белгісі , бүкіл әлемнің барлығы саған байланысты деген сезім,барлығы саған бір нәрсені айтып тұрғандай , ал айтып тұрғандығы теріс,жаман әрі қорқынышты нәрселер. Ал мүмкін барлығы шизофрениядан емес шығар, мүмкін оның бәрі мәңгілік ізденістегі көрегендікпен көмкерілген жазушы қиялы шығар. Қиял ол деген ғажап нәрсе, ол қабілет,бірақ ол кімнен келген жаратқаннан ба әлде…
Міне ол өзінің «азулы дөңгелегінде» өзінің әріптесі христиандықпен сөйлесіп отыр:
— Сіз неге құдайға сенбейсіз? Егер көлеңкеге сенсеңіз , жарыққа неге сенбейсіз?
— Жарықсызда көлеңке болады ғой. Әрине жарықтың бары хақ, оған дәлел барлық кереметтер, ал ол кереметтерді сайтан жасайды.
— Неге тағыда сайтан жайлы айтып отырсыз?
— Мен оның азғырғанын сезінгеннен кейін, 2 жыл бойы өткен өмірімді айтып бердім, бірақ оның бәрі ол арқылы әйеліме жетіп анам секілді жындыханаға түсіп қаламын –ау деген қорқынышты сейілте алмадым. Тағыда ана , ана,ана. Анам ешқашан маған аналық мейірім төгіп көрген емес,әдетте ол шашын түйіншектеп байлап қадау қойғаннан соң, біздің үйде күні бойы жалғыздыққа ұзын түтікшесін шегіп отыратын. Оның жүзінде неге екені белгісіз өмірдің ешқандай табы жоқ еді, ол дәл осындай болып кетпес үшін бәрін жасады. Жүзі суық, өмірдің бір табы жоқ, күні бойы үйде түтікше шегіп отыратын адам болғысы келмеді. Ол үздік оқыды, әуелде жапон, қытай , 14 жасынан бастап европа әдебиетіне әуестенді, философияға мастанды, ол Токионың император университетін үздік бітірді. Ал 23 жасында әуелде жапонға артынша әлемге әйгілік еткен «Танау» және «Расимон қақпасы» атты қос шығармасын жазды. Белгілі бір уаққа дейін әлемде барлығы қызықты еді, жоқ барлығы емес,күндікте емес руханилық қызықты еді. Оған сол замандағы Күншығыс елі дәл анасы секілді бір жерде отырған,өмірдің табы жоқ, қозғалысыз болып көрінетін.ол өз елінің өмріне араласуда міндет санамайтын, тіпіт мүткім Жапония жанып жатқанда ол мән бермеді, ол кезеңде яғни 1918 жылдары «Күріш көтерілісі» болып жатқан еді,көптеген дүкендердің орынында күлі қаңа қалған кез. Соғыс оны тіптен уайымдатпайтын. Тіпті 1923 жылы болған «ұлы жер сілкінісі» кезінде, ол тек сол кездегі өрттерде кереметтей көптеген өнер туындыларының құрығанына өкінішін білдірді. Ол үшін ақиқат адамдарда емес, өнер туындыларында еді. Бұлар оның принциптік ұстанымы еді. Тіпті жалғыз оныкі ғана емес. Ол кездерде Күншығыс елінің мәдениеті шынында-а біртүрлі болатын, кереметтей өнер туындылары мен ғажап поэзияның үлгілері сақталған еді, ол тек ескіліктің табы ғана еді, ал жаңашыл дүние жарып шықпаған еді. Суреткерлі ол кезде аз еді , ал ол суретші еді, өзін суретші сезінетін , жәнеде суретші еместермен суретшіліктен ада әлемнің үстінде маңғаз қанат қағатын. « есуастың өмірінен»
— Бұл жағдай кітап дүкенінің 2 қабатында болды, ол 20 жастағы жігіт еуропалық стильде жасалған сатыда кітап сөрелерінің бойында тұрып, жаңа кітаптарды ақтарып жатты : Мопассан, Бодлэр,Стрингберг,Ибсен,Шоу,Толстой,іңірмен күрескен ол олардың аттарын қарап жатты, бірақ кітаптар ақырында қараңғылыққа сіңе бастады. Ол енді ғана түсейін деп ыңғайланып жатқанда, кенет оның төбесінен электр шамы жанды, ол төмен қарады, төменгі жақтағы сатып алушылар сатушылар оған бір түрлі оғаш кішкентай әрі сондай аянышты болып көрінді. Адамның барлық өмірі Бодлэрдің жазған бір жолынада татымайды. Біраз уақыт ол төмендегілерге қарап тұрды, дәл сондайларға, олар астыда бөлек , ал мен жоғарыда шамның астында тым бөлекпін. Ол суретші. Қарғыс атқан суретші. Барлығы еуропалық үлгідегідей балалықпен астасып , бозболалықпен қайнасқандай көрінетін шығар, бірақ бәрі анау айтқандай емес. Кәдуілгі күншығыс елі Акутагаваның туылып өсу кезеңінде жоқтықтан арылып, әдепті діндей қабылдаған еді.
Бәлкім бұның бәрі Күн шығыс елінде оған дейін көптеген діндердің болғанынан шығар олардың ішінде: Синта,Даолық,Буддалық,Христиандық ілімдер бар. Мүмкін сондықтанда жапон мәдениетінде әсемдік өз орынын тапқан шығар, әдемілік барлығының ортақ дініне айналған әдемілік. Ол мемлекет , көптеген қалаларының ң тұрғындары бір ғана сакураның жауыуна тамсану үшін болмаса күзгі теректердің жапырақтарына қарау үшін сыртқа шығады, ол мемлекетте шай ішу, әдемі жазу,дұрыс ишарат білдіру, дұрыс жүру , дұрыс сөйлеу бұның бәрі жасырын дзенге айналған. Тіпті жазылмаған заң болсада ер адам әйелі дұрыс қалыпта ұйықтамағандығы үшін ажырасып кетуге құқығы бар. Бұны біреу міреу қолданатындығына әрине күмәнім бар , бірақ оның бұндай қадамға толықтай құқығы бар. Бұл мемлекетте тіпті мектепке әлі бармаған балалардың өзі бір өңінің 30 реңкін ажырата алады. Тіпті ескіліктің өзінен ғажайып таба алатын ел, бұл жерде әдемілік,қарапайымдылық жіне көркемдік мемлекеттік идеяға айналған. Міне 20 ғасырдың басында Акутагава өмір сүрген кезде бұның бір таптары әлі сақталған еді, бірақ уақыт өте келе көркемдіктің орынын ұлы мәртебелі машина басты, әрине Акутагаваның замандастары қуана қуана оның құлақ кесті құлына айналып шыға келді, цивилизацияға құлдық. Құлдық дегенің ол әрине жеке еместің ісі, бірақ Күн Шығыста жекелік ешқашан бағаланбаған. Тіпті мүлде бағаланбаған. Жапония дегенің көптеген топтардың қоғамы: сөз қоғамы, корпоорация,цехтар мен көршілер дегендей, ең басты ереже өз орыныңды білу , өз ортаңда өмір сүр, көршілеріңе қарайла , олар сен жайлы не айтса тіпті қараса біраз ойлан. Бұл тек жапондықтардың ғана емес , біздің де күнәміз шығар. Әлі күнге дейін, бұның шегі жоқ. Бұндай елде жазушы болып ғұмыр кешу, оңай шаруа емес. Сондықтан оның өмірі болып жатқан түрлі жағдайларды емес Бодлэрдің жолдарын қабылдады, ол оларды итерді, не үшін әрине қорқыныштан, ол қорқыныштан қорықты, біз бәріміз одан сескенеміз, бірақ ол өте қатты қорықты. Ол бала кезінен жазмышының қысым көрсететінін жақсы білді, ол өз анасының баласы болғандығы үшін, жазушы болғандығы үшін, жапондық болғандығы үшін,тіпті жапондық бола алмағандығы үшін. Жапония бұл күн шығыс елі,бұл жер өте адал,өте ұстамды, тілалғыш,өте тұйық, адамдардың мекені. Бұл ерекшеліктің түпі жағында жапонияның экономикалық ғажабы тығылған. Бірақ барлығыда қыздың жиған жүгіндей емес. Жапондықтардың мәдени ерекшелігі ол – депрессиямен ойлаудың трагедиялығы. Ал жапондық үшін трагедияның батауы неде , әрине ұстамдылықпен борыштың үйлесуі. Түс аулаушыды дегенді білеміз, ал Жапондық ол борыш аулаушы. Борыш деген ол үшін бір ғана түсінік емес. Ол бар, гири бар гиму бар,тіпті оларда өтеуі жоқ борыштарда бар: ата-ана алдындағы,импертатор алдындағы,ұстаз алдындағы.тіпті өтеу керек борыштарда бар,оған өз есіміңе құрмет көрсету, өз есіміңнің гириіне құрмет көрсету жатады, сондықтан соғыста жараланған жапондық дыбысын білдірмейді, ал толғатып жатқан жапондық әйелде дыбысын шығармайды. Тағы бір маңызды нәрсе бар , неге трагедиямен өлім жапондықтың өмірімен біте қайнасқан?
Классикалық жапондық үшін европаның өмірге бағытталған барлық мәдениеті бүкірленген, ақсақ, мүгедек сынды, ал өмір дегенің ол опасыз ғой, ал өлім-ұлы. Лайықты өлім лайықсыз өмірді өзіне тартып, оны кереметке айналдыра алады. Айтпақшы әрбір детальне дейін ойластырылған харакири де бар. Міне осыданда жапондық ата ананың соғысқа кететін ұлына айтатыны да бар , олар оған тірі қайт деп айтпайды, керісінше өлсең қаһарман секілді өл дейді. Жапон мәдениеті кінәмшілдік мәдениеті емес, жапон мәдениеті –ар ұят мәдениеті. Басшылық алдындағы ұят,ата-ана алдындағы ұят, көршілер алдындағы ұят т.с.с. ал енді талаптың жүйесін елестетіп көріңізші, бұл дегенің адамды жіпсіз байлаған құрылым , соңы қайда апаратынын өз – өзіне қол жұмсау статистикасын көріп шошисың. Айтпақшы жапондықтардың айтқандары дұрыс болып есептелгіндіктен, топ болып өз-өздеріне қол жұмсау ол да бір қызық феномен. Мысаыл 16 ғасырда соғыста жеңілгеннен кейін 7 ходзендік Сюзюрен өзінің қол астындыағыларға қоштасу тойынын өткізді,бұның соңы қонаққа барған 870 қонақтың жаппай өз-өздеріне қол жұмсауларымен аяқталды. Ал күні жынытары әр түрлі 6000 мың самурай өздеріне қол салды. Ал бұны баяғыда болған десеңіз, осыдан біраз уақыт бұрын өткен жағдайды еске алайық: 1944 американдықтармен соңғы күштері қалғанша арпалысқан Сайпан аралының қорғаушыларыда дәл осылай жасады, 23 мың адамнан тек 1000 бейбіт тұрғын тірі қалған. Бірге барлығы оңай, өмір сүруде , ажал құшуда. Ал мұндай коллективизациялы елде тұрған терең ойлап сезінетін жалғыз адамның күійі қандай болды екен деп ойлаймын. 20 ғасырдағы 5 бірдей классиктің тек біреуі ғана өз өлімімен өлген ол – Танидзаки, Акутагава,Данзай,Мессима,Кобовата бұлардың бәрі өздеріне қол салған. Бір жағынан чикса , екінші жағынан оларды мәдениет қысады: өзіңе қол сал, дұрыс өл, абыроймен өл, лайықты өл,өз өзіңе қол сал бұл сенің абыройыңның сақталуы, бұның бәрі көптеген курьезді жағдайларға, көбі қайғылы жағдайларға әкеліп соққан. Китомура деген бір жазушы болған, олда өз-өзіне қол салған, себебі біреу ғана – еуропа әдебиеті жапон әдебиетінен көш ілгері жүргендігі үшін. Ол бүкіл ел үшін қайғы жеген. Ал Акутагава үшін бұл елінің қағаздай жұқа екендігінің,халқының сұр тұманға тұншықандығын мойындау болды. Бұлда оның жебіріне жетті. Бұл жайлы ол өзінің « су перісінің елі» атты антиутописында жазған, бұны кезінде кереметтей қылып Аркадий Струганский аударған.
«Көптеген кәсіпорындардың ішінде маған бір кітапшығаратые бір компаниясының баспасы ерекше болып көрінді. Бұл елде кітап шығару үшін бір домалақ нәрсенің ішіне қағаз ,сия және сұр түсті бір дүниені салсаң болды екен. Бес минут өтпей жатып , бір метрлі машинадан бірінен соң бірі үздіксіз , әр түрлі форматтағы кітаптар шығып жатты. Жанартаудай атқылап жатқан кітаптардың легіне қарап тұрып, инженерден әдейі сұрадым:
— Әлгі , бағана құйған сұр зат неміне? Қара маржандай машинаның жанында тұрған инженер манаурай жауап қатты

— Бұл дегенің есектің миы, оны кептіріп ұнтаққа айналдырады, қазіргі кезде оның тоннасына 2-3 сенн беріп жүр. Бұл күндері дәл осындай әдісті картинамен музыка шығаратын компанияларда айналысады. Міне ол үшін ең қорқыныштысы , ешқандай мағынасы болмасада машинаның көмегімен шекарасы кеңіп жатқан дүние,міне ол үшін ең қорқынышты дүние. ол жапондық болғысы келмеді. Бірақ ол жапондық еді, ар бәріненде жоғары, арыңды сақтап өл деген максимум оның ойына біте қайнап, өз ішінде бөтендей сезіндірді. Ол ешқашан еуропада болмады,бірақ ол өзін Стринберг,Бальзак,Стандаль,Толстой,Достоевский,Гогольдардың жанында жат сезінбеді.
Ол орыс әдебиетіне ерекше ықылас танытатын. Бірде ол еуропалық киімдер дүкенінен маникенді көріп , қаншалықты соған ұқсаймын деп қатты ойға шомыпты. Ол әлемнің адамы, космополит болғысы келді, бірақ жапондық болып, өте депрессиялық , аса дәстүрлі елде дүние есігін ашты. Тек қана өнер ол үшін барлығын ақтайтын, ол әлемде бәрін тек өнер ақтай алар деп санаған. Адам өмірі Бодлэрдің жазған бір жолына да татымайды. Ол барлығын толықтай «Тамұқ азабы» әңгімесінде түсіндіреді. Ондағы оқиға легі әдетте Акутагава жазатындай өткен шақта болады. Басты кейіпкер Сегудың қоластында жүрген Есихида деген суретші. Ол маймылға ұқсайтын өте жиіркенішті,ұсқынсыз шал. Дейтұрғанмен ол нағыз шебер суретші. Өмірде ол екі –ақ нәрсені жақсы көре алады бірі өз өнері болса, екіншісі үкілеген сұлу қызын. Бірақ оның суретшілер өте қауіп саналатын, бөгделерден жасырғаны болды, ол көрмеген дүниесін сала алмайтын, былайша айтқанда қиялсыз еді. Бірде ұлы сегун «тамұқ азаптарын» бейнеле деп бұйрық берді, басында жұмыс өнімді жүрді,тамұқ отын ол өрт болған кезде көрген, ал қиналған күнәһарларды – өз шәкірттерін азаптағанда көрген, ол жерде қытай киіміндегі жылқы басты тамұқ қызметшілеріде бар еді, ол бұларды түсінде көрген еді. Оның ойлағаны бойынша картинаның дәл ортасында керететей пәуеске болуы керек еді, бұл пәуескенің ішінде сарайдың жас ханымы тірідей жанып жатуы керек еді. Ол ондайды өмірінде көрмегендіктен сегуннан дәл осындай көріністі көрсетуін өтінеді. Сегунда пейіштегілерден емес еді, теріс ойлы сегун суретшіні жазалауға шешім қабылдайды. Келіскен уақытта суретшіге ішінде өзінің сұлу қызы бар жанып жатқан кереметтей пәуескені әкеледі. Сегун оны отқа түседі ойлады , бірақ суретші отқа түсудің орнына суретін сала берді сала берді.ақыры «тамұқ азабын» салып бітті, соңыра буынып өлді. Мен үлкендерге арналған бұл новелланы тым ерте оқыдым,мені көп уақыт бойы жол арасында жазылғандар мазалай берді,мазалай берді. Кейіннен ғана барып түсіндім, мен жол ортасынан Акутагаваның Есидоның жақтасы екенін түсіндім. Жүрек қайда,ұят қайда,аяушылық қайда. Менде ешқандай ұят жоқ,тек жүйке бар дейтін ол. Бұны кейіннен Бродский көп қайталайтын. «Есуастың өмірінен»
Мәйіттердің үлкен башпайларында сымға байланған тақтайшалар теңселіп тұр ,тақтайшада олардың жастарымен есімдері жазылып тұр, оның досы сәл еңкейіп лезде скалпель алды да мәйіттердің бірінің бет терісін сыпырды, бұл оған новелла үшін қажет еді.
— Соңғы кездері мәйіттер жетіспей жатыр ,-деді жолдасы. Оның жауабы бірден құйыла қалды.
— Егер маған мәйіттер жетіспей жатқан болса,мен ешқандайда бір қара ниетсіз-ақ кісі өлтіруші едім ғой, Есизидодан не қайраным бар, өнер үшінгі өмір, өзіңдікіме өзгенікі ме бәрібір. Акутагава өзі туралы: ол кез-келген уақытта өкінішсіз қия салатындай үздіксіз өмір сүргісі келді. Сарқылмайтын өмір кешу туралы ойлар жапонияда да дәл біздің елдегідей құр бос әурешілік. Сарқылмайтын өмір әмір күтетін адамдарың арасында, сен оларға тек өнерде ғана бағынбауыңа болады , бірақ шынтуайтында ол бағынды. Ол теңіз официерлері мектебінде ағылшын әдебиетінен сабақ берді, жапония сан мыңдаған құжаттар елі ғой, ол көптеген құжаттар толдырды. Ол өзі сүймеген адамға ерте үйленді.
Кейіннен махаббат келді , бәлкім олда Акутагаваның өліміне қатысы бар. Өйткені ол көпшілік жапондық секілді өте тұйық әрі ұстамды адам болған. Ол әйел жайлы тіпті оның автобиографиялық кітабындада айтылмаған ,тек ол әйелдің жүзі күндіздің өзінде айдай нұрын төккенін білеміз. Сонымен ол көпшілік секілді өмір сүрді,тым ерте үйледі, 3 баланың әкесі болды. Әке болып жарытпады да. Бәлкім ол адамдардың дүниеге келгенін өзінің антиутопиясындағы кап су перілернің дүниеге келгендегіндей қалаған шығар. Каптардың толғатуы дәл біздікіндей жүзеге асады,бірақ толғақ кезінде Каппо әкесі туылғалы жатқанға ерінімен тіреліп «Өмірге келгің келеді ме?» деп сұрақ қояды. Бұндай сұрақты бірнеше рет Баакта қайталады. Нәресте біраз ұялыңқырап, анасының құрсағына қарай ылдилап әлсін –әлсін жауап қатты.
-Менің өмірге келгім келмейді, алдымен әкемнен мұрагерлікпен келетін жындылығы қорқытады, одан өзге мен Каполарға көбеюдің қажеті жоқ деп санаймын. Сол жерде тұрған акушер лезде оның әйелінің құрсағына қалың әйнек түтікті салдыда , бір сұйықтықты шашып жіберді , әйел жеңілденіп қалды,оның алып іші жарылған әуе шарындай шөгіп кетті. Меніңше ол бұндайды өзінеде өзінің балаларынада қалаған сияқты.
Есуастың өмірінде былай жазады.

Тышқанның иісіндей нәрсетенің жұпарын сезген ол ащы ойдан арыла алмады: пендешілікке толы мына өмірге неге келді екен, неге тағдыр оған дәл мендей әке берді екен. Кейіннен өлер алдындағы хатында ол балаларына былай деп жазды:
— Егер өмір күресінде жеңіліс тапсаңдар дәл әкелерің секілді өмір қош айтысыңдар.
Ол еуропалық болғысы келгенімен жапондық еді. Ол өнер атты ұлы сегунға қызмет ететін самурай . Бірақ өзін еуропалыққа жатқызатын. Бұл екіұдайлы сезім оны асықпай өлтіріп жатты. Тағы бір екіжақтылық: жазушы қызыққа толы өмір сүруі керек. Ендеше жазушы ұшқалақ па? соңынан ұшқалақтықты ертіп жүретін жазушылықпен дарынсыздықпен қатар жүретін дәстүрлі емес тұрмыс арасындағы таңдау ең қорқынышты таңдау. Ондай тұрмыста өмір сүргіңде келмейді. Ол кездегі Күн шығыс елі бүкіл әлемнен ада жатқан , ешкімге қатысы жоқ сұрғұлт басқан арал еді. Жапонияның ұлылығы ол кезде өткен кез еді, ал оның жазған шығармаларының барлығы дерлік өткен шақта баяндалады.
Тіпіт мұның өзінде бір сұрақ туындайды , шынымен-ақ сол өткенде ұлылық болып па еді?
Акутагаваның «Бет орамалы» атты бір әңгімесі бар. Басты кейіпкер отарлау саясатымен айналысатын профессор. Оның бүкіл интелектуалдарға тән кешірімді бір жағы бар , ол өзін жапонның ұлттық идеясының негізгі қалаушысы деп білетін. Ал бұл идея бәрімізге таныс – жапония батыспен шығысты байланыстырып тұрған аспалы көпір деген идея. Неге олай болмасқа. Жарайды ол басқа мемлекеттер құсап еуропаның қақ ортасында тұрмасада, батыс технологиясын жылдам әрі сіңімді игеруде. Батыс Жапонияны өзімен теңдей қарау үшін әлемге бір нәрсені көрсету керек қой, бірақ ол жоқ. Жапонияға (қазір біз айтуды жақсы көретін) ұлттық брэнд керек болды. Бұл бас қатырар ісітің шешімін әлгі профессор табады, бар , бар ондай идея ол жапондық БУСИДО. БУСИДО – бұл самурайлардың,рухани күшті,нағыз ерлердің кодексі, ең бастысы бұл самурайларда кереметтей шыдамдылық бар еді. Бұл әңгімені оқи отырып көптеген дүниелер есіме түсті, көптеген жылдар бойы қозғалған ұлттық брэнд жайлы сөздер және оларға соңғы кездері жеткен жетістіктерін қосу т.б бар, сусып бара жатқанды қалайда қолға түсіру қарекеті кез-келген мемлекетке тән құбылыс. Енді әңгімеге оралайық.
Самурайлық рухты ойға тиек етіп отырған профессорға бір қонақ келгенің хабарлады, ол қонақ өте көркем ханым еді. Ол ханым профессордың шәкірттерінің бірінің анасы екен. Профессор шәкіртінің ауруханаға түскенін білетін, бірақ бақилық болғанынан бейхабар. Профессорды бір таңқалдырғаны әлгі әйелдің жүзінде бірде бір қайғының табы жоқ еді, және жүзінен осыдан 7 күн бұрын жалғыз ұлынан айырылып қалғандығы көрінбеді. Бір кезде профессор жаққа желпуіш түсіп кетті де , ол оны алайын деп үстелдің астына еңкейіп еді, қонағының қолдарын көрді, ол қолдар бет орамалын мыжып,жыртып жатқан еді, оның бет жүзі күліп тұрғанмен жан жүрегі болмысы түгелдей мұңға батқан. Кешкі ас кезінде професстор бұл әйелдің манадағы қылығы жапон әйелдерінің бусидосы екенін айтты. Және бұл оқиғаны басшылыққа алып жасөспірім шаққа арнап мысал жазбақ болды. Бұдан кейін қонақ келмей тұрып оқып жатқан ұмытылып кеткен Стринбергті ашты. Аппасаш дәл түркі ойындарына қарағандай қарады. Менің жастық шағымда Хайберг ханымның бет орамалы жайлы жиі айтылатын, бұл дегенің екі жақсы ойынның тәсілі еді,ол әйел жүзімен күліп тұрсада қолымен бет орамалды жыртқан еді. Қазіргі кезде біз оны ақымақтық таңдау дейміз. Біз оны қалай деп атаймыз, жапониядағы ұлы нәрселер еуропада қате,теріс,азғындық ретінде қабылданса онда батыспен шығыстың арасында ешқандай көпірдің болмауы шарт, немесе оданда қорқыныштысы біз өзіміздің құндылығымыз деп жүргеннің барлығы біздікі емес, мүткім адамзатқа тиесілі құндылық, және мыңдаған әйел тура осындай сәтте күліп тұрып, бет орамалдарын жыртады. Бұл дегенің бусидоның негізінде жоқтығы, және бізде нақ бізге тән ешнәрсе жоқ. Ал ол бар болған болса, онда ол мұндай емес. Ал біз оны жай ғана ойдан құрастырамыз, бұл жерде ұлттық брэнд қайдан болсын. Ал ұлттық брэнд жалғыздықта бет орамалын жыртып отырған әйелдің алдында не? . ал басқа әңгімесінде ол мұндайды «жалғыздық дозағы» деп атайды.
-жалғыздық дозағы кенеттен таулардың шыңдарында, кең жазық жазираларда,паң аспанмен ағаштардың көлеңкелерінде ,барлық жерде, көзге көрінетін бұл әлем нақ дозақтың өзі дегендей пайда болады. Міне бұл дозаққа көрінбегеніме 2-3 жыл болды. Ылғида бір әлемнен бір әлемге көшудемін,әрине дозақтан құтыла алмаспын. Бір дозақтан бір дозаққа, өмірден өнерге.өнерден өмірге.
20 жасында Бодлэрдің бір жолғы жазғанынан артық дүние жоқ , сол азғанмен өмір сүру қажет деп ойлайтын ол, ал уақыт өте келе бақытты болу үшін күнделік ұсақ-түйекті сүю керектігін түсінді. Бұллтардың мұнартқанын, бамбуктың сыбдырын,құстардың сайрағанын,кездейсоқ өтіп бара жатқандардың жүздерін сүю керек. Бірақ сол ұсақ – түйекті сүйетіндер, сондай ұсақ-түйек үшін қайғырмай ма. Өмірді бақытты ету үшін ,күнделік ұсақ түйектен азап шегу қажет: аспанның мұнартқанынан, бамбуктың сыбдырынан, құстардың сайрағанынан. Күнделікті бұл ұсақ түйектен , «дозақ азабын» көру қажет.
Бұл адам өзін жауласқан жапондықтардың ошағында туылған тума еуропалық болғаны үшін бақытсыз сезінді. Бірақ оның тәніде түріде кәдуілгі жапондық еді. Жапондықтар өздерінің елдерін қылқанжапырақтының ұшындағы өркениет деп атайды. Эстетика сан мыңдаған жауып жатқан жапырақтікі емес тек біреуінікі ғана , бір жапырақтікі ғана еді. Міне тура осы жайлы бақылаушы өзінің бір дүниесін қоссын деп бос кеңістікті әдейі қалдыратын жапондық суреттер сөйлейді . Міне дәл осы жайында жапондық хоку баяндайды, жағадағы лирист, ал басқасы ше судағы бейне неткен ұқсас. Самал жел жауған жапырақты молынан әкеледі , тіпті от жағуда да болады. Ұры барлығын сипап кетіпті , бірақ тек сені алмапты терезеге сығалаған жарық ай .
Өнер жұмақпен теңескенде – өмір сүру жеңілірек, ал өнер дозақ екенін түйсінгенің , ол әрине төзгісіз.
Жазушының сүретін, сүйетіні,іздейтін образдары, белгілері, меніңше симптом болып көрінеді немесе нақ солай. Акутагава неден өлді деген ой кетер емен, меніңше ол – қорқыныштан өлді. Солайша оның «шабыт тозағы мен шабытты жоғалту тозағы» қосылып кетті. Сен қанмен келетін есуастықтан ,жындылықтан қашып әдебиетке тығылғанда, мә саған сенің есуастығың әдебиет болсын , Жындылық саған қаншама рет жамаған дарыныңнан келеді. –деп өмірінің өзі мазақ еткендей. Тағы да аллюзия,тағыд а белгі, символдар, образдар – барлығы қорқынышты. Бір сағаттан кейін бір бала келіп маған қорап толы хат табыстады, оның бірінде кітап шығаратын бір компанияның «қазіргі жапон әйелі» атты мақала жазып берші деген ұсынысы, және ағылшынша жазылған бұл хатта қолмен жазылған пост скриптом тұрды: біз қара және ақпен салынған жапондық әйелдің портретін алғандай қанағаттанамыз. Сосын барып «Блэк анд уайт» деген виски есіме түсті де, хатты ұсақтап жыртып тастадым . Содан соң қолыма түскен бір хатты ала салыдм да аштым, сарғыш қағазға таспаланған хатты бейтаныс бір бозбола жазыпты. Екі жолын оқып бітпей «сіздің дозақ азабыңыз» дегенде мені бір толқыныс биледі. Үшінші хат немере інімнен екен терең бір тыныстап алып үй жағдайы жайында оқи бастадым, бірақ мындада маған тиіп кеткен сөз болды , хаттың соңында былай делінген екен «Қызыл түс» атты өлеңдер жинағымды қайта басуға жібердім. Есімді алған қорқыныштан кейін, оны сейілту үшін «Қылмыспен жазаны» оқи бастадым, бірақ кітаптың ашылып тұрған беті «Ағайынды Карамазовтардан» еді. Кітап беттерін бір –бірлеп аударып отырғанда дәл осы бетті қалай ашқанымды білмеймін, бірақ бұл жазмыш. Бір бетінде оқып бітірмей бүкіл тәніммен дірілдеп тұрғанымды сездім. Бұл сайтан қинап жатқан Иван туралы бөлімі еді, оны ғана емес меніде Мопосанды да ,Стринбергтіде қинауда еді. Бұл қиялма жоқ аурума, әйтеуір кездейсоқтықтар қинап, белгілер қорқытып,цитаталар көңілсіздікке ұрындырған еді. Бұл нөмір бірінші қорқыныш, ал екіншісі бұған қарама қарсы. « Бұл шабытты жоғалту, мейлін есіңнен адастырсын, бұл шабытты жоғалту қорқыныш, онда не үшін өмір сүру керек, неміне оның өміріде Бодлэрдің бір жолына татымайдыма. Ол жаңбырдың астында тас жолмен аяңдай келе жатты, сол кезде оның төбе жағындағы сымдардан алқызыл ұшқын пайда болды, бүкіл адами өмірінде оның соншалқы құмарлана қалаған нәрсесі болмады, тек осынау алқызыл ұшқынды ұстап алуды,мейлін өмірімен төлем жасасада осынау алқызыл ұшқынды шап бергісі келді. Шынтуайтында ауыртпашылықтың толқыны эстетсвоны тұншықтырып тастадыда әдебиет дарындылықпен ғажайыпқа айналды . ал ол эстетикалық көзқарастарын жоғалтып,қабілетін өлтіріап алдым ба деп ойлады. Оның жас кезінде жазған алып мұрыны бар монах жайлы «Танау» деген әңгімесі бар. Ол монах өмір бақи бұл мұрыннан құтылғысы келеді, бір күндері бір ғажайыптылықпен ол монах әлгі мұрыннан құтылады, бірақ кәдімгі мұрынмен оған өмір төзгісіз болып көрінді . дарындылық мең секілді дейді, бірақ ұсқынсыз алып мұрындай таланттарда бар ғой, онымен өмір сүру мүмкін емес, бірақ онсыз өмірдің мағынасы жоқ. Әйткенмен менің өзге пенделерден нендей айырмашылығым бар. Қос дозақ, бірі қабілетті жұтатын , екіншісі сол қабілетіт жоғалтып алу қорқынышын жұтатын дозақ. Бірақ қай жаққа тартсаңда өте қауіпті қайшы тәріздес. Оның ең соңғы жазған «азулы дөңгелек» новелласы былай аяқталады: қалайша , мен ұйықтап жатқанда , білдірмей буындырып кететін біреу табылмайды ма? Бірақ ондай жүрекжұтқан адам табылмағандықтан , ол барлығын өз қолына жүктеді. Акутагава 27 жылдың 24 шілдесінде 35 жасында өз өзін уландырып өлтіреді. Ол соншалық жек көрген жапон мәдениетінде югэн дейтін тұрақсыздың, еритіннің, келетіннің әсемдігі жайлы түсінік бар. Өзін жапонияда жаңылыстан туылған жазушы деп санайтын Акутагава жапон жазушысы еді, ол сакураның кереметтей гүлдеген уақытында гүлдеуін қиятындай , өз өмірін қиды.жапырақтар ұшып жатыр, мүмкін саурада өз қабілетінен қорыққан болар. Ол өзінің өліміне жазған мынандай мазақ етер хоку жазған , көктемгі бұтақ дірілдеп тұр, біраз бұрын одан маймыл құлап түскен еді.

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа