Қымбат Жампейісова. «Жаны мұздай адамдардан жирендім»

Қымбат Жампейісова.  «Жаны мұздай адамдардан жирендім»

Жаным, махаббатым Жаным, махаббатым, күшім менің, Жүрегіме мұңлық сызат түсірмегін. Кірлетіп кейде таза пәк көңілді Шынайы сезімімнен іркілмегін. Жаным, махаббатым, бағым менің, Сыздатқан жүрегімді сағым ба едің?! Қашықтық алыстатты бүгін бізді Арайлап шуақ шашқан таңым едің. Жаным, махаббатым, аңсағаным, Еркектік болмысыңа тамсанамын. Нәзіктік дүниеме күш сыйладың Жанымның емі болдың жан самалым. Жаным, махаббатым, таңдағаным, Көңіліме

Жаным, махаббатым

Жаным, махаббатым, күшім менің,
Жүрегіме мұңлық сызат түсірмегін.
Кірлетіп кейде таза пәк көңілді
Шынайы сезімімнен іркілмегін.

Жаным, махаббатым, бағым менің,
Сыздатқан жүрегімді сағым ба едің?!
Қашықтық алыстатты бүгін бізді
Арайлап шуақ шашқан таңым едің.

Жаным, махаббатым, аңсағаным,
Еркектік болмысыңа тамсанамын.
Нәзіктік дүниеме күш сыйладың
Жанымның емі болдың жан самалым.

Жаным, махаббатым, таңдағаным,
Көңіліме саз сыйлаған арман әнім.
Демеу болған сөздерің құлағымда
Күлімдеп мейіріммен қолдағаның!

Сырласым

Сырласым қамқорлықты аямадың,
Ыстықта көлеңкеңді саяладым.
Тоңғанда жылуыңды паналадым
Сондықтан болар жақын санағаным.

Сыйластық құрметіңді байқағанмын,
Көргенде нұр бейнеңді жайқаламын.
Ақылың, жанашырлық ниетіңді
Сезгенде маңғаздана паңданамын.

Достық та шырай берді көздеріңнен,
Мейірім төктің жылу сөздеріңмен.
Сырласым бола білдің түсінетін
Артық дос таба алмаспын өзге білем.

Ақылшым, жанашырым, таза мәртсің,
Сөзің сөз, уәдең уәде азаматсың.
Жолыңа гүл бітсін деп өлең арнап
Ғаламға жар салайын ағалап шын!

Табиғатпен етене сырласқандай

Табиғатпен етене сырласқандай,
Жан – дүнием әп сәтке мұңдасқандай.
Сырды айттым іштегі үнсіздікпен,
Зер салып қарадым, нұрлы аспанға – ай.

Табиғатпен етене сырласқандай,
Төгіліп ашыламын жыр – дастандай.
Ішкі сырды мендегі ұғатын сен,
Жақындықты сезіндім шын достардай.

Табиғатпен етене сырласқандай,
Назар салдым бір мезет түнгі аспанға-ай.
Жұлдыз біткен кілемнің ортасында,
Толған ай да жабырқап, сырды ақтарды – ай.

Табиғатпен етене сырласқандай,
Күй шертеді желі де мұң дастандай.
Жүзімді самал желі өбіп — құшып,
Табиғат та ерекше үн қатқандай.

Табиғатпен етене достық орнап,
Бір күш бардай көрінді мені қорғап,
Тылсым күшті үнсіз де түсінгенмін
Жазарымда қалам мен кені қолдап.

Тағдырыма куә болған Астана!

Айналайын әсем қала Астана,
Тағдырыма куә болған бас қала.
Жылатсаң да, жұбатсаң да төріңде
Құласам да тік тұрғызған жас қала.

Жанға түскен жараны да емдедің,
Мүмкін тағдыр, құшағыңа келгенім.
Тоңдырдың да, жылыттың да кей кейде
Аларың да болды тағы, бергенің.

Кейде шаршап қолды бір кез сермедім,
Күн атса да бақыт таңын көрмедім.
Деп ашуға булыққанда жұбатты
Түрлі — түсті болған өмір өрнегің.

Сақылдаған аязыңа үйрендім,
Ызғарыңа төтеп берер күйге ендім.
Ауа — райы суықтығы сөз емес
Жаны мұздай адамдардан жирендім.

Алай — дүлей дауылдарың болса да,
Ұшса — дағы шатырларың қаншама,
Мұз айдыны орнамасын жүректе
Тілейтінім жан жылуы баршаға!

Ұры

Тәжірибиелі ұрысың,
Қылмыскердің бірісің.
Жүректі түстің тонауға,
Танысқаным құрысын.

Қайталаймын ұрысың,
Альфонстай жүрісің,
Ұнамайды пиғылың
Тіпті маңғаз тұрысың.

Ұрысың, сен ұрысың,
Түн ұйқымды тонадың.
Қылмыскердің бірісің,
Сенімен қайтіп оңамын.

Ғашық болған ұрыға,
Жанымды жүрмін кінәлап,
Мүмкін тағдыр сыны ма?!
Бар ма мұнда сірә гәп?!
Қымбат Жампейісова

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

1 Comment

  • Абдрахман Досов
    Май 21, 2020, 6:17 дп

    стихи достойные ,особенно мне понравилось стихотворение,условно на русском "Вор моего сердца"

    REPLY

Сонғы жазбалар

Мультимедиа