Қуыршақ театры көрермендерімен бірге!

Қуыршақ театры көрермендерімен бірге!

Қуыршақ театры көрермендерімен бірге! Балалардың рухани қазынасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қуыршақ театры елдегі төтенше жағдай кезінде де, өз көрермендерін қуантуда. Тәрбиесі мол түрлі қойылымдармен бүлдіршіндерімізді бақытқа бөлеп жүрген өнер ұжымы, күн сайын сағат, 16.00де «Қолдан қалай қуыршақ жасауға болады?» атты шеберлік сағатын, 15.00де онлайн сұхбат, 22.00де түнгі ертегілер айдарын өткізіп, саф өнерді сүйетін қауымға шаттық

Қуыршақ театры көрермендерімен бірге!

Балалардың рухани қазынасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қуыршақ театры елдегі төтенше жағдай кезінде де, өз көрермендерін қуантуда. Тәрбиесі мол түрлі қойылымдармен бүлдіршіндерімізді бақытқа бөлеп жүрген өнер ұжымы, күн сайын сағат, 16.00де «Қолдан қалай қуыршақ жасауға болады?» атты шеберлік сағатын, 15.00де онлайн сұхбат, 22.00де түнгі ертегілер айдарын өткізіп, саф өнерді сүйетін қауымға шаттық сыйлап келеді. Сондай-ақ, достықты, ерлікті, адалдықты, адамгершілікті дәріптейтін ертегілердің аудио жазбасын және театрдың YouTube арнасында әртүрлі спектакльдерді жұрт назарына ұсынып жүр. Сонымен қатар елордалық қуыршақ театры, карантин кезінде «Егемен Қазақстан» газетімен бірлесе, «Балаларға базарлық» (Ертекші қуыршақ театрының белді актрисасы Салтанат Мағзым) атты жобасын қолға алды. Аталмыш жоба нәтижесінде, кешкі сағат 19.00де, Egementv YouTube арнасында кішкентай көрермендерімізге қазақ халқының ертегілерін тыңдауға тағы бір мүмкіндік туды. Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы қуыршақ театры Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері Құралай Ешмұратовамен, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Ғани Құлжановпен, театр әртістері «Мәдениет саласының үздігі» Салтанат Мағзыммен, Дархан Мүсіліовпен, Нұржан Ахметовпен, Айжан Садықовамен, Дамир Утеевпен, Қарлығаш Танабаевамен, Әбілхайыр Сәлімбаевпен, режиссер Айжан Салаевамен, Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қуат Ежембекпен сүбелі сұхбат өткізе білді. Және төтенше жағдай кезінде «БІЗ БІРГЕМІЗ» акциясын қолдап, театр басшылығы, әкімшілігі және жалпы қызметкерлері қолдан 950 бетперде тігіп, оны мұқтаж жандарға, ардагерлерге, зейнеткерлерге тегін таратты. Мұның барлығы ел үшін, халық үшін. Иә, бала тәрбиесінің бесігі саналатын қуыршақ театры қашанда қалың жұртымен бірге. Театрдың басты мақсаты сын сағатта қол ұшын созып, көпшілікке үлгі болу. Өйткені, кішкентай бүлдіршіндер, қуыршақ театрынан өнеге алып, бой түзейді. Дәл қазіргі саулықтың сыналар шағында, сақтық шарасын сақтап, балалармен бірге болыңыздар! Ал, қуыршақ театры ұжымы Сіздерді қуантудан, бақытқа бөлеуден шаршамайды. Ертегілер елінде жүздесейік, достар!

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа