Тұрсынбек Оразбайұлы. Қасиет тұғырында отырасың…

Тұрсынбек Оразбайұлы.  Қасиет тұғырында отырасың…

Шарапаты анамның Шын секілді жалғанда, Шыңнан дағы биігім, Тал бесікте тербетіп, Талдырған талай иығын. Мұң шаттық бар өмірдің, Тартса дағы күйігін, Фәниде еш бір теңдесіз, Анам әкелген сыйымын. Жанары да мөп мөлдір, Жайнап жүзі тұратын. Ықыласына бөлендім, Жеткізу ед мұратың. Биігінен көк аспан, Күн анаға құлады. Ана отырған жерлерде, Шуақ төгіп тұрады. Сыйлаған көктем ғұмырды,

Шарапаты анамның
Шын секілді жалғанда,
Шыңнан дағы биігім,
Тал бесікте тербетіп,
Талдырған талай иығын.
Мұң шаттық бар өмірдің,
Тартса дағы күйігін,
Фәниде еш бір теңдесіз,
Анам әкелген сыйымын.
Жанары да мөп мөлдір,
Жайнап жүзі тұратын.
Ықыласына бөлендім,
Жеткізу ед мұратың.
Биігінен көк аспан,
Күн анаға құлады.
Ана отырған жерлерде,
Шуақ төгіп тұрады.
Сыйлаған көктем ғұмырды,
Сағынып сізді сарғайдым.
Анамнан асқан биік жоқ,
Қасиеті аласармайтын.
Күн жылуын сыйлаған,
Қаз бастырып қадамын,
Қамсыз жеткен осы күн,
Шарапаты анамның.

Дүние жалған

Бұралаң тірлік жолы барады алып,
Қайырылып өткенге бір қарамадық.
Бесік пен бейіт арасы бес ақ күндік,
Өлшемін бұл жалғанның табам анық.
Абырой, атақ, даңқ, бақ дәулетің,
Қымбатқа тұрғанымен бағаланып.
Кеудеде ұшқаннан соң шыбын жаны,
Қойнына қара жердің барар анық.
Жалғанын дүниенің сезіп тұрып,
Және де шындық іздеп шырылдайсың.
Қойғасын түлкі тірлік еліктіріп,
Алдында ақиқаттың жығылмайсың.
жоғалтсаң жұрегңнен иманыңды,
тұрсаңда күн астнда жылнбайсың.
Дүние жалған болған мен өлім шындық,
Шатастырмай жүрейік біліп айқын. . .

Күз

Шүлен күн шуағымен қыздырып ет,
Сағынған жылылықты ізгі жүрек.
Жер ана төңірегі тотыланып,
Табиғат көктем гүлін кіргізіп ед.
Құлазытып көңілді қарадай тым,
Жаз айы қош айтысып барады айқын.
Үзіліп түсіп жатыр сары жапырақ,
Салқындап көлеңкесін паналайтын.
Аққу қаз көлін қимай құша барып,
Түнгі алқап қырау болды түсі ағарып.
Жыл құсы ұшып барад қимастықпен,
Бір мұңды әуенімен құсаланып.
Аспанда күз келді деп таралып үн,
Тұмсығын ай шалқайтты орағының.
Құс қайтып гүлің қурап құлазисың,
Күтеміз көктем ару оралуын.
Көреміз күздің енді шын бағасын,
Мезгілін жел азынап жырлап алсын.
Салады аттандырып қар ұшқыны,
Жабатта ақ ұлпамен тың даласын .
Сары күз сары түспен салды реңін,
Бір сәтке тың тіршілік алды демін.
Қахарын қарай шашып атырапқа ,
Түріп тұр суық желмен таң білегін.

Қыс

Соңғы жаңбыр қардың жасап үлгісін,
Салды жерге мұзды өрнектеп гүл мүсін.
Мезгілімен өтіп жатқан дүние,
Күз де кетті әкетіп қыс құрбысын.
Қар жауа ма ,түйіліп тұр күн бүгін,
Көк аспанға қара бұлт сап түңлігін,
Күнтізбенің аударылып парағы.
Қарбаластық бастап кетті бір күнін.
Кетті күзде сарбойау мен боиалып,
жапрақ түнгы ақ күмс тақты бозарп,
Ақ ұлпамен басп салд жербетын,
Ослай күз қысқа жасап жоралық,
Ақ көрпесі жауып жатыр Сараңыз,
Жауып жатқан ақ Апақ қарды қараңыз.
Шана сүйреп,қардан мүсын жасаған,
Артта қалған талай қызық бар аңыз,

О ғажап.

Түскенде бал тамғандай ықыласың,
Арманның ала таңын атыратын.
Қаусырып қара түннің қанаттарын,
Қасиет тұғырында отырасың.
Гүліндей көктемдегі дала тұнған,
Даусыңнан бұлбұл үні жаратылған.
Сыбызғыдай сызылған сенің үнің,
Шабыт беред ақынға және тыңнан.
Сәнденген көктем саған татымайды,
Қондырып алғандайсың қасыңа айды,
Тал бойыңда қасиет үйіп тұрған,
Күн күліп жанарыңнан шашырайды.
Сен қайдан дәл осылай жаратылдың,
Ұлпасындай құстардың қанатының,
Көңілің мөлдір бастау қайнарындай,
Еліктей елең ете қалатының.

Сары дала

Сағым ойнап сары дала,қырат кепкен,
Жел тербейлі аймалап сылап беттен .
Тарам тарам жоны мен сай саласын,
Төгіп өтті қара бұлт жылап көктен.
Сол даладан,бұйырған ылди маған,
Құламада жүремін құлдилаған.
Кеудемде қопарылыс болмаса екен,
Бір қысым таяғандай жылжи маған.
Көрікті көктеміне қуанамын,
Иісін ай жұпарлы жуаларың.
Жөңкілет,ақ бұрқақтап асау өзен,
Қар суы жылжып аққан жылғаларың.
Күйсе кеудем,ауаңмен салқындаған,
Жұққан маған салмақты қалпың қашан,
Басып өткен,жондарың жоталарың,
Бөлеп жырға жатады,таусылмас ән .
Сенде жүрсем алмаймын бір күн тыным,
Сенде жазып үйренгем ,жырдың тілін.
Жетіспей ақ желініп өтеді өмір,
Зырлатады уақыт күн де ұршығын.

Жаратқаннан сұранам

Мен тәңірден сұранам,
Қалауыммен жүргендігім дін аман.
Қабыл болсын Мұхаммедтің тілегі,
Ұлын қиып үмбетім деп жылаған.
Мен Алладан сұранам,
Топырақтан адамзат қып құраған
Аша көр деп түзу қылып жолымды,
Сол жолыңда сүрінбестен жүре алам.
Мен жаратқанға жалынғам,
Тозақ оттан сақай көршы қыл аман,
Жұмақ кілтін табанынан ап анамның,
Ықыласың мен рахымң мен кіре алам,
Мен кешір Аллам сен дедім,
Қателік көп кінәсі ауыр пендемін.
Кешіргенді жақсы көруші едің ғой,
Нығыметің ғой өстіп шалқып өрлеуім.
Мен Құдайға жыладым,
Сөзің ғой мына жазулы тұрған құраным.
Бас исем саған басқалар маған бас иді,
Дұшпанға жықпа келмейді оған құлағым.
О жаратқан бір Аллам,
Рақымың мен пайдасы тиген дұғадан.
Бақытты ғұмыр бәрмен бірдеи кештірдің,
Бәр сынағыңды салабер сал құп алам.

Көктем

Күмбір-күмбір көктем келет нұр тамған.
Қоңыр белдер босап мұзды құрсаудан,
Тамшылардан ирелеңдеп бұлақ боп,
Қара жердің бауырына бұрқанған.
Көктем көрік,гүлі қаулап тамыздап,
Соғып тұрат салқын желін аңызғақ.
Сілкілейді жұлқып жұлып алардай,
Қара тасқа өрнектеген ізі қап.
Қара таулар,шолып тұрған маңайды,
Төбеңнен кеп төніп тұрып қарайды.
Жер ананың тамырына нұр кіріп,
Жусан иіс бұрқырап кеп тарайды.
Жасарады түйін салып құба тал,
Тізбек құстар жер мен көкті шулатар.
Желмен қаңбақ жер бауырлап желеді,
Жаны бардай мың түрлі
жел тіл қатар.
Марқа бұлттар тау бауырлап мамырлап,
Кіріп жатыр, бұталарға жамырлап.
Баурайтұғын қандай көктем сыйқырлы,
Шулы-нулы өзен қулы жанға ұнап.
А да болып,сенен қайғым тарқаған,
Қызғалдақтар құлпырды әсем арқадан.
Ару бейнең арман болып жыр жаздым,
Ілезде өткен көктем ғұмырды аңсағам .

…..
Біз баратын бойына
жым жырт жатыр Үйрек көл,
Сайрап тұрат көңілде,
сен сап кеткен суреттер.
Басқа жақтан өртенген,
жүрегіңде бар алау,
Еске алыу өткегді,
Жанды босқа жаралау.
Тартып ішке ауаны,
Мүлгіп жатқан күзгі бақ.
Ұзақ тұрып кетіп ең,
Жүрігіңді мұз қып ап.
Кетуің де жазымыш,
Санамаймын оны айып.
Тастай берсін мен емес,
Сағынуға лайық.
Есте қалды бірақ та,
Сақталып сол сәттерің.
Ескісі ұстап есімнің,
Жатады айтып әттеңін.
Қиқармын неге қырсығам,
Қараймын неге жұртынан.
Естеліктер ескірмей,
Есікті қағат сыртынан.

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

10 Пікір

  • Абдилдабек Бакытгул
    Март 6, 2020, 6:28 дп

    Өте керемет жазылған

    REPLY
    • Бақытгүл Абдилдабек@Абдилдабек Бакытгул
      Март 6, 2020, 1:33 пп

      Құрметті Тұрсынбек Оразбайұлы сіздің жазған өлендерініздің əрбір шұмағындағы мағыналы мəнді сөз иірімдерініз оқырмандардың ойынан шығатыны даусыз.Мен əрдайым шабытыныз шарықтай берсін деп тілеймін сондай ақ заманымыздың осындай өнерлі жастарының қатары көбейе берсе екен деп ойлаймын

      REPLY
  • Риза
    Март 6, 2020, 7:22 дп

    Өнеріңіз өрге жүзіп, шабытыңыз шалқи берсін👍🏻👍🏻

    REPLY
  • Амирханова Молдир
    Март 6, 2020, 7:40 дп

    Керемет олендер!

    REPLY
  • Жандарбек
    Март 6, 2020, 8:16 дп

    Оте керемет онериниз орге жузсин 👍👍👍

    REPLY
  • Айбол
    Март 6, 2020, 8:50 дп

    Өте керемет,өнеріңіз өрге жүзсін,талантыңыз таудай болсын!

    REPLY

Сонғы жазбалар

Мультимедиа