Бекен Әбдіразақов. Саят Нова мен Лермонтовтан аударма

Бекен Әбдіразақов. Саят Нова мен Лермонтовтан аударма

Саят-Нова Арутюн САЯДЯН – XVIII ғасырда өмір сүрген аса ірі армян ақыны. Саят-Нова – ақынның бүркеншік аты   *** Қайғы біткен дұшпаныңа – сенен аулақ, жан жарым, Бар тіршілік жұпар иісін білем сенен алғанын, Алтын әріп Асмавур не, өз сөзіңді таңдадым, Жарқырайық туған айдай нұрың тұнық, жан жарым.   Жан беттемес махаббаттың тасқынына сендегі, Отыз

Саят-Нова

Арутюн САЯДЯН – XVIII ғасырда өмір сүрген аса ірі армян ақыны. Саят-Нова – ақынның бүркеншік аты

 

***

Қайғы біткен дұшпаныңа – сенен аулақ, жан жарым,

Бар тіршілік жұпар иісін білем сенен алғанын,

Алтын әріп Асмавур не, өз сөзіңді таңдадым,

Жарқырайық туған айдай нұрың тұнық, жан жарым.

 

Жан беттемес махаббаттың тасқынына сендегі,

Отыз қылдан өтседағы, тулап жатыр  селдері.

Жебе кірпік әлсіретті қайрат күшті, мендегі,

Тасқыныңа түскен жанға ажал ғана бар, залым.

 

Тұлғаң нәзік тал шыбықтай, гүл шоғындай дидарың,

Сонша гүлден жесірліктің жүдеу түрін сыйладың.

Жылап тістеп тұрған алмас оты деуге қимадым,

Түнді үркітіп, жарықсыз-ақ жарқыратқан жан-жағын.

 

Сәлемің де әміршінің сәлеміндей аумағын,

Қолың тастай, тілің шоқтай ысқырына лаулаған.

Сәт сайын сен құбыласың алтын тудай қаулаған,

Шах деп ойлар сені жұрттар, бастап келген сарбазын.

 

Тілің тәтті, сөзің балдай күндіздей нұр төгілген,

Сенен жарым ажырасу қиынырақ өлімнен,

Есі танып жүзіңдегі жеті әдемі меңіңнен,

Саят-Нова жеткізеді жеті сөзбен бар назын.

 

***

Ғашықтықтан дерт таптым да – соны зарлап жылаймын,

Қасіреттен семіп барам оны зарлап жылаймын.

Уәкілдей аймағының күнін қарғап жырлаймын,

Баспанасыз қайыршыдай жарды қармап жылаймын.

 

Қайда барам, кімге айтамын, қай әмірші қол берер!

Табар шипа, Лұқман әкім тірілетін болса егер.

Ақыл-естен адастым мен, көрген мұны ел сенер,

Топан сумен барам, талды қармап жылаймын.

 

Ғашықтықтан ем қонбайтын жанып кетті жүрегім,

Бакшам қараң, өні де жоқ несіне оған кіремін.

Қорамсақсыз қалды садақ,  қару да жоқ білемін,

Саржебе де сынды тасқа, соны зарлап жылаймын.

 

Сия кеуіп қалған ба осы, жүрер емес қаламым,

Жүрек сөзін қасиеттеп жеткізе алмай жанамын.

Қаңыраған монастырьдай ізсіз кетіп барамын.

Күнәмді айтар пастыр да жоқ, соны зарлап жылаймын.

 

Жер мен көктің хан сұлтаны, әміршісі бір өзің,

Бақшадағы жасмин, роза, таудағы аппақ гул өзің,

Сен өлтірсең Саят-Нова шын бақытты біл өзің,

Әзімді емес, елді қимай соны сарнап жылаймын.

 

 

***

 

Мен бұлбұлмын сыртта жүрген, алтын торым бір өзің,

Кездескенде көзге ілмейсің, патшалардай мінезің.

Хор қызындай келбетіне теңей алмас гүл өзін,

Жалбарынам, жадап күтем тәкаппарсың тым өзің.

 

О, сүйіктім, баққа кірсең гүлді өртейді жанарың,

Көзіндегі жалыныңа мен де өртеніп барамын.

Өрте, өрте, бұл дозакта қуала мен жанамын.

Жалын шашқан жанарыңнан сақтап қалар ес өзің.

 

Кұлдарыңа косақтап қой, құлыңмын ғой, жасырман,

Есігіңді қорып күн-түн аяғыңа бас ұрған.

Аракстей аласұрып, тынышымды қашырған,

Мені азаппен, ессіз-түссіз дертке салған бір өзің.

 

Құлай сүйер керген адам мөлдіреген меңіңді,

Ілмесең де көзге мені, саған да үкім берілді.

Патшаға ұқсап сыйламастан қолындағы өмірді.

Жанды қинап, зар жылатып өртке салған бір өзің.

 

Саят-Нова жылап тұрып: Жасым төкпей кетермін.

Қолдан келсе мұңды арқалап, дейді мәңгі өтермін.

Той-думанда сені ғана әніме өзек етермін,

Нұрың шашып кіріп келсең, сонда арманға жетермін.

 

 

***

 

Ғажап бейнең тамсандырған әлемді,

Айдындағы көлегейлеп кешіңде,

Тұрғандай-ау нұрға бөлеп бар елді,

Алтын баудай жарқыраған төсінде.

 

Көрмеген жан күн кешеді көрсем мен,

Көрген бейбақ шөлдеп өлер ол сенен.

Өлмеді деп айтса бір күн өлсем мен

Таулар жыпар, сақта мұны есіңде.

 

Жүрегімде сақтап жүрмін сырымды,

Қолым созам, көп кедергі құрулы,

Мен де ата қаны жоқ па қызулы,

Сатқан емен, серт тілейсің несіне?

 

Бізге дүние риза емес, сүйіктім,

Саят-Нова жарына бас иіпті.

Көтере алмай осынау бір күйікті,

Мен өлермін кол соза алмай төсіңе.

 

 

 

 

 

М.Ю.Лермонтов

Валерик

 

Білмеймін мұным мақұл ма,

Хат жаздым сізге тосыннан

Жазуға жоқ қой хақым да,

Сезіміз қашан қосылған?

Дейін бе жүрсіз жадымда?

Құдай-ау, оны білесіз.

Не айтсам да сұлық-сүлесіз.

 

Не күйде? Қайсы қуыста

Жүргенім сізді жүдетпес.

Жанымыз бастан туыспай,

Болмаған екен тілектес.

Өткен күн бетін парақтап,

Салмақпсн қарап сараптап.

Салғанда салқын ақылға,

Жеткендей көзім жақында

Жүрегіңді алдап сонша жыл,

Қатырып басты, шіркін-ау,

Емексіп өту күлкілі-ау!

Жақсы ғой сенім болса бір?

Көңілде күпті құр сұрау!

Күту ме сырттай үздіге?

Сезімің сәттік заманда,

Жасырмай айтсам сізді мен,

Ұмыта алмай жүрдім әманда!

 

Өйткені сізді әуелі

Өлшеусіз, ұзақ сүйдім мен.

Сол күндер үшін мәуелі

 

Сонан соң ұзақ күйдім мен.

Шынжырлап жанды қойғандай,

Өкінішпен өткен күнім де,

Өлтірдім сосын ойланбай

Өмірдің соңғы гүлін де.

 

Қашқақтап жұрттан ұмыттым

Махаббат пенен жырды да.

Желігін бастым жігіттің,

Ұмыта алдым сізді бір мына!

 

Кресті таққан мойныма

Мойымай өзім көтердім,

Жазаны барлық өтермін,

Бәрібір тыныш қойды ма?

Тәңірден бақыт сұрамай,

Тәңірге және жыламай,

Салғанға көндім үрікпей,

Тақуа татар, түріктей.

Шығыстың пайғамбарына

Сенді ғой жаным тағы да

Тұрақсыз тұрмыс менде де,

Қарбалас қауырт күн-түні.

Ойлану қайда пендеге,

Жан дертті, жүрек ұйқылы.

Қиялың самғар қиыр жоқ,

Бас – кеуек, тіпті миым жоқ.

Шалқаңнан түсіп шалғынға,

Саялап шынар, жүзімді.

Жататын рақат бар мұнда

Күн шалмай аппақ жүзіңді.

Айналаң аппақ шатырлар,

Қазақтың арық аттары.

 

Қызметшің, бейқам пақырлар

Зеңбіректі жастап жатқаны.

Тұтанғыш ептеп түтіндеп,

Алыста саптар топтасқан.

Оңтүстік күні бүтін  көк,

Найзалар жарқ-жұрқ шоқ шашқан.

Естілді көрші шатырдан

Өткенді қозғап сапырған,

Ермолов бастап шайқасқа,

Чечен мен Авар тауында

Жегенін сол бір айқаста,

Соққыны біз де, жауың да.

Әнеки өзен бойында

Алласы ғана ойында,

Құлдықпен сипап сақалын,

Намаз ап жатыр татарың.

Әне, отыр бір топ иіріліп,

Көмейден сөзді күркіреп,

Көзінен жалын дүркіреп,

Қабағын түкті жиырып,

Алдамшы, сұсты ажары,

Бұл жұртты сүйем, ғажабы!

Алыстан атты! Зу етті.

Қаңғыған оқтың зуылы-ай…

Шыңғырған дауыс су етті.

Басылды лезде ұлымай.

Аптаның беті дес берді.

Суатқа айдап аттарын,

Қозғалды жаяу әскер де,

Үдіре, қара шапқанын!

Шаң да шұң. Рота екінші?

Капитан! Қайтем тоқымды?

Арбаңды былай кетірші.

 

«Савельич!» Берші отынды?

Гүрсілдеп соғып барабан,

Гуледі полк дабылы.

Сығылыса өткен арадан,

Қарулар шаң-шұң қағылды.

Генерал алға өтті алып,

Нөкерін, әне, топтанып.

Қиқупап, қаптап арадай

Казактар шапты далаға

Сонау бір шетте, жағалай

Көрінді екі-үш қара да

Сәлделі, қызыл черкесті

Шықты бір мүрид тақымды:

Ақбоз ат шапшып өр төсті,

Жекпе-жекке ерді шақырды!

Кім шықпақ қанды айқасқа?!

Қарашы, шықты ойқастап

Бір казак қара бөрікті,

Мылтығын алды көріп тұр.

Жақындап қалды… бұрқ етті…

Әй, казактар! Солай бұр бетті.

Жарылымысың? – Жай ғана…

Атысқа толды айнала…

Бұл деген тасыр егес де,

Қызығы көп те, мәні жоқ.

Салқынды кеште сәні жоқ.

Ермекке көрдік емес пе.

Қайғылы балет бейне бұл,

Көзіңе қан да толмайды,

Мен көрген ойын кейде бір

Сахнада сіздің болмайды.

 

Бірде біз Гиха түбінде

Орманнан өттік қараңғы.

От шашып көкте күнің де

Төбеде лаулап барады.

Күткенбіз қанды ұрысты

Алыстан ішкі таулардан.

Шақырған чечен туысты,

Кек алмақ енді жаулардан.

Үстінде жыныс орманның

Жылтыпдап шшн шоқтардай

Түтіні өрлеп сол маңның

Бұлттарға сіңіп жатқандай.

Жан бітті бір кез орманға,

Дауысқа тосын толғанда

Шайқалды жасыл шатыры,

Басталды майдан ақыры!

Алаңға арба сол еді,

Шыққаны, бұрқ-сарқ жөнелді!

Алдыңғы шепке жау қысқан.

Тасыды мылтық әр тұстан,

Сүйрелеп жұртты сирақтан,

Емшіге ойбай үн қатқан,

Қиқу сап, әне, бөктерден

Ұмтылды зеңбіректерге;

Жаудырды оқты бұршақша,

Ағаштың ұшар басынан.

Алғы шеп тыныш бұл шақта.

Жылға бар суы тасыған.

Елемей оңтың сатырын,

Жақындай түстік ақырын.

Лақтьгрдық бір топ гранат,

Жылжыдық, үнсіз тұр алап.

Тосқауыл ағаш сыртынан

Мылтықтың ұшы жарқ етіп

Бір-екі берік кылтиған,

Жоғалды шөпке жалп етіп.

Тыныштық туды үрейлі.

Қашанғы бұлай тұрсын тек!

Күтумен сұмдық дүлейді,

Жүректер соқты,дүрсілдеп.

Бұрқ етті кенет! Қарасақ,

Жамсап-ақ қапты сапымыз.

«Найзаға!» найза ала сап,

Ұмтылдық, кетпес ақымыз!

Шеп бар ма біздер өтпеген,

Қайнады қан да кекпенен!

Офицер біткен алдында,

Атынан түспей кейбірі,

Жатқанын көрмей талдың да,

Атымен қоса қарғыды.

«Ура!» жоқ. «Қанжар!», «Дүмбімен!»

Қан-жоса қырқыс басталды,

Соқтығып төстер сүңгімен,

Тасқындай төкті жас қанды.

Қырқысты тілсіз аңдардай.

Өткенін уакыт аңғармай.

Бұлақты аққан бастапқы

Тоғандал өлік тастапты.

Көсіп ем судан тыныстап…

Лайлы толқын уыстан

(Аптап пен айқас шаршатты)

Жып-жылы қызыл қанша ақты.

 

Жағады емен түбінде

Тосқауылды өтіп бірінші

Иірілгеи топтар тұр үнсіз.

Бір солдат өң жоқ түрінде

Некелеп алған қаралы,

Кірпіктен жасы тамады,

Тырсылдап шаң-шаң шинельге.

Арқасын беріп еменге

Капитаны жатыр жаралы.

Төстегі екі жарасы

 

Қатса да, қаны ағады.

Жатса да келмей шамасы,

Алаңдап сұмдық көздері,

Шығещы әрең сөздері…

«Ағайын, құтқар… Тау жаққа…

Генерал ұшты-ау, тоқта…

Естімейді екен өздері…»

Қиналып ұзақ, ақыры

Аллаға жанын пақырың

Тапсырып барып, жай тапты-ай…

Мылтыққа бәрі сүйене

Қоршаған бурыл мұрттылар

Жылайды үнсіз байқатпай…

Сулықпен жауып сүйегін

Көтеріп жаймен шықты олар.

Соңынан ауыр бір мұңмен,

Қалшиып карап тұрдым мен.

Біреулер жолдас, достарын

Күреіие еске ап қайғырды;

 

Бәрінен жаным бос қалып,

Білмедім аяу, қайғыны.

Басылды бәрі, өліктер

Үйілді; қанды көріп пе ең,

Буланып ағып селдеген,

Жосылып тастақ жерменен.

Күлімсі исі басты да

Тьдтшыгып тұрды ауа да.

Барабан қойып астына,

Генерал отыр саяда,

Баяндап жатыр бәрі де,

Маңайда орман көк тұман,

Көк түтін толған дәріге.

Қиырда таулар тізбегі,

Асқақ та, мәңгі сабырлы.

Жарқырайды оқшау Казбегі

Үшкіл бас нұрлы, жалынды.

Ойландым жанды мұң жайлап:

«Сорлы адам. Оған не керек?

Аспаны ашық тұр жайнап.

Жеріүсті кен ғой керемет.

Не жетпей сонша тынбастан,

Жауығады екен бұл қасқаң?»

Иықтан Галуб қағып қап;

Қиялды тәтті мәндегі,

Қонағым оқыс бөлгені;

Сұрадым бұл жерді анықтап?

«Валерик – деді қонағым.

Сіздерше: ажал жылғасы,

Деген сөз тура болады,

Бабалар қойған ырасы!

«Қанша адам бүгін, шамасы,

Соғысты? «Жеті мың адам».

«Көп пе өлген таудың баласы?»

«Кім білсін? Жоқ па ең санаған?»

«Ия! – деді біреу қарқ етіп. —

Ұмытпас қанды күнді бұл!»

Қарады чечен жалт етіп.

Бас шайқап, жымыс күлді бір.

Дегенмен өзім қорқамын

Мезі етіп сізді алам деп.

Сіз жүрген думан ортаның

Қатыгез соғыс дүрбіңі,

Күлкісіне ұшырап қалар деп.

Азаптан миды сіз деген

Ақырын ойлап қиналмай,

Өскенсіз жарқын жүзбенен

Қайғы-мұң табы жиналмай.

Көзбе-көз жақын өлімді

Көрген де жоқсыз, лайым,

Көрсетпей-ақ қойсын құдайым.

Қатырып басты өтерлік,

Өзге де толқу жетерлік.

Өзімен адам өзі боп

Жақсы ма өткен өмірден?

Бір қалғып, сосын тезірек,

Оянсам деген көңілмен?

Қош енді; егер сөздерім

Қисынсыз, босқа езгенім,

Көтерсе көңіл аз ғана

Сол бақыт жетер маған тек.

Болмаса, санап наз ғана,

Кешіңіз: қызық адам деп!

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа