Қойшығара САлҒАРАҰЛЫ. Африкадағы әйелдің алып тас мүсіні кімге арналған?

Қойшығара САлҒАРАҰЛЫ. Африкадағы әйелдің алып тас  мүсіні кімге арналған?

Адамсыз жерде тарих жоқ. Тарихты жасаған да, оны ғылымның бір саласына айналдырып, хаттап қағазға түсірген де – Адам. Бірақ, солай бола тұрып, оның адамзат баласы жаратылған алғашқы күнінен басталатын өз тарихын сол күйі хаттап, қағазға түсіре алмағаны да белгілі. Оған оның жазу өнеріне тым кеш, арада тек сан мыңдаған жылдар өткеннен кейін ғана барып қол

Адамсыз жерде тарих жоқ. Тарихты жасаған да, оны ғылымның бір саласына айналдырып, хаттап қағазға түсірген де – Адам. Бірақ, солай бола тұрып, оның адамзат баласы жаратылған алғашқы күнінен басталатын өз тарихын сол күйі хаттап, қағазға түсіре алмағаны да белгілі. Оған оның жазу өнеріне тым кеш, арада тек сан мыңдаған жылдар өткеннен кейін ғана барып қол жеткізгені себеп болған. Бұл аралықта адамзат баласы өсіп-өніп, Жер шарының әр қиырына шашырай тарап, бір-бірінен бөлектеніп, сан алуан халықтарға жіктеліп, таным-түсінік жағынан болсын, тілдік қарым-қатынас тұрғысынан болсын, өмір сүру салтынан болсын бір-бірінен алшақтап, ерекшеленіп кеткен сан түрлі жұртқа айналған еді. Соған байланысты бүгінгі жер басып жүрген жұмыр басты пенделердің бәрінің бірдей арғы-бергі ата-бабаларының мыңжылдықтар бүркеп, көзден таса еткен тағдырлы ғұмырнамасын тұтас қамтып, олардың бастан кешірген қым-қуыт оқиғалары мен соған орай жасалған іс-әрекеттерінің шежіресін өз болмысында толық танып-білу мүмкіндігі болмай қалғаны да мәлім.

Адамзат баласы өз жаратылысының ортақ түпбастау тарихынан осылайша көз жазып қалғандықтан, кейіннен жетілген халықтардың әрқайсысы өз тарихының бастауын өзінше танып, оны өзінше зерделеуге мәжбүр болды. Соған байланысты жазу өнеріне өзгелерден бұрынырақ қол жеткізгендері, өз мүмкіндіктеріне қарай, өз ата-бабаларының өткені жөнінде білетіндерін хаттап, қағазға түсірсе; жазу өнерін әлі меңгеріп үлгермегендері жадысын жаңғыртып, есте қалғандарын түрлі аңыз-әңгімелерге, қисса-дастандарға айналдырып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп бақты.

Бірақ бұлардың қай-қайсысы да, бәрібір, өз тарихтарын бүкіл адамзат баласының бәріне бірдей ортақ негізгі түпбастауынан таратып, одан әрі сабақтастыра жалғастырып кете алмады. Тым беріден, өздері білетін тұстан қайыруға мәжбүр болды. Өйткені әлемнің әр түкпірінде өмір сүріп жатқан бүгінгі халықтардың қай-қайсысы болсын өздерінің түптегінің қайдан шығып, қазіргі мекен етіп отырған жерлеріне қашан, қалай келгендерін бәрі бірдей таратып айтып, талдап бере алмайтын жағдайда еді. Бұл, басқаша айтқанда, олардың ешқайсысының да әуелден адамзат баласының ортақ түпбастау тарихынан тамыр тартып, желісін үзбей бүгінге жалғасқан тұтас, толық жазылған тарихының болмағанын көрсетеді. Бұл ретте, басқаны былай қойып, зерттеуші ғалымдарымыздың күні кешеге дейін адамзат баласы Жер шарының қай нүктесінде пайда болғанын анық тани алмай, «Бір өңірде ме әлде әр өңірде ме» дегенді пікір таласының арқауы етіп келгені де соның айғағы. Сол секілді «Бір тектен жаратылдық па әлде әр тектен бе?» деген сауалдың да нақты жауабы беріліп, басы ашылмай келгені де аян.

Жалпы жетілген ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өркениетке өзгелерден бұрынырақ қол жеткізген халықтардың өкілдерінің әр кезеңде қалдырған жазбаларының негізінде адамзаттың тұтас, ортақ тарихын жазуға деген талпыныс кейін, арада тағы да мыңдаған жылдар өткеннен соң барып, беріде ғана басталған. Бұл кезде адамзат қоғамы дамып, санасы жетіліп, ғылым-білімді жан-жақты меңгеріп үлгерген еді. Соның нәтижесінде адамзаттық ғұмырнамамызды толық қамтуға талпынған «Әлем тарихы» («Всемирная история») деп аталатын көп томдық академиялық еңбектер өмірге келді.

Бұл Адамның адамдығын танытып ерекшелейтін, шын мәніндегі, игілікті іс еді. Өйткені тарих берер тағылымның сапасы тарихи сананың дұрыс қалыптасуына тікелей байланысты болғандықтан, түптамырымыздың бірлігін танытып, барша адамзат баласын бауырластыратын осындай ортақ тарихтың жазылуы өмір қажеттілігі болатын.

Бірақ, бірі кем дүние, мақсат айқын, ниет түзу болғанымен, ортақ тарих адамзат баласының бәріне бірдей ортақ таным-түсінікпен жазылмады, алақолдылыққа жол берілді. Оған періште болып жаратылған Түпатамыз бен Түпанамыздың ұрпақтары өсіп-өркендей келе ата-анасының періштелік тазалығын сақтай алмай, пенделік пиғылдың жетегінде кетіп, сайтани менмендіктің (эгоцентризмнің) тұзағына ілігуі себепкер болғаны хақ. Мұны, кіріспеде айтқанымыздай, өркениетке өзгелерден ертерек қол жеткізген кейбір жұрттың төңірегіндегі өздеріндей басқа жұртты менсінбей, кемсітіп, өздерін олардан артық, ерекше жаратылған жандар санап, жаратылыс тегі бір адамзат баласының бірін – «мәдениетті», «өркениетті»; екіншісін – «жабайылар», «тағылар» деп екіге бөлулерінен айқын көруге болады. Тарих – негізгі міндеті тәрбиелік жолынан ауытқып, кезеңдік саясаттың ығында кетті. Оны түзету қазір қиынның қиыны. Бәрін қайтадан бастап, тарихты бұрынғы кемшіліктерінен арылтып, жаңадан жазу керек. Ол үшін енді не істеу қажет? Бұл ретте қазір бір нәрсенің басы ашылған секілді. Ол: егер өткен ХХ ғасырдың соңғы жылдарында табылып, «генетика ғылымының елеулі жетістіктерінің бірі» деп танылған ДНК (дезоксирибонуклейн қышқылы) тәсілі көмегімен молекулада жазылған адамзат баласының мұрагерлік ақпарат қазынасына еніп, жаратылыстың тылсым құпиясын ашуға шынайы мүмкіндік туғаны, шынымен, рас болса және сол арқылы анықталған бүгінгі жер басып жүрген екі аяқты пенделердің бәрінің ата-бабалары әуелде «бір жерде, бір тектен жаралды» деген тұжырымды ғылыми тұрғыдан басы ашылған «шындық» деп мойындасақ, онда қазіргі Жер шарының әр түпкіріне тарап, өздерінше тіршілік етіп жатқан бүгінгі сан алуан халықтардың қай-қайсысының болсын тарихының әуелгі түпбастауының бір екенін енді қайта қаузап, оған күдік келтіріп, өзара дауласып, ежіктесіп жатудың ешқандай қажеті жоқ екендігі. Оған ғылыми кепілдік бар. Сондықтан де ендігі жерде адамзат тарихын жазуға талпынған ізденушілердің бар ойы: «Бүкіл адамзат баласы Оңтүстік Шығыс Африкада бір тектен, бір жерде жаратылды» деп, ғылым анықтап беріп отырған осы нақты тұжырымнан өріс ашқаны мақұл. Сонда осы бір жерде бір тектен жаратылғандардың бәрінің әуелгі сөйлеген түпбастау тілінің де бір болғанын талассыз мойындауға тура келеді. Өйткені бір жерде пайда болып, бір тектен жаратылған Адам баласының тілі шығысымен бір-бірімен, мысалы, осы күнгідей бірі түрікше, бірі ағылшынша, енді бірі қытайша деген сияқты әрқайсысы бір-бірімен әр тілде сөйлеп, өзара қарым-қатынас жасамағаны, тек ортақ бір тілде ғана түсініскені анық. Бұдан Тәураттың Вавилон мұнарасы жөніндегі «Жер бетінде бір тіл мен бір халық болған» деген деректі алға тартатыны да, Вавилон абызы әрі тарихшысы Бероздың осы орайдағы: «Құлаған құрылыс орыны «Бабель» («Бабаелі») деп аталды. Осыған дейін адамдар бір тілде сөйлесе, енді құдайлар оларды әр тілде сөйлеуге мәжбүр етті» деп одан әрі бекіте түсетіні де жалаң қиял жемісі еместігін аңғаруға болады (Горбовский А. Көне заманның құпия сырлары туралы // «Шарапат». – Алматы, 1973. – 6-б.). Сондай-ақ шумер өркениетін зерттеген кейінгі ғалымдардың «Энмеркар және Энсухкешданна» поэмасының: «(146) Бүкіл дүниежүзі және Энлилге бағынған халықтар шындықты бір тілде дәріптеді» деген жыр жолдарына орай «Ол кезде тек шумерлер ғана емес, сонымен бірге барлық ізгі ниетті адамзат баласы, бүкіл дүние жүзі шындықты бір тілде дәріптеді»[1] (Нарымбаева-Уәлиева А.К. Письмо и религия тюрков. – Алматы, 2016. – С. 32) деп ой түюлері де айтылған жайлардың негізсіз еместігіне куәлік бергендей.

Иә, адамзат баласы әуелде бір тілде сөйлеген. Тілдік әртүрлілік сан мыңжылдықтардың тауқыметін арқалап, талай қилы-қилы оқиғаларды бастан өткеру арқылы Жер шарының әр қиырына бытырай тарап, бір-бірінен қара үзіп, оқшауланып кеткен адамзат баласының кейінгі ұрпақтарының барған жерлерінде өмір сүрген табиғи орталарының жағдайларына бейімделу негізінде дүниетанымын кеңейтіп, өз ерекшеліктерін қалыптастырған жеке халықтарға айналуының нәтижесінде пайда болған. Мұны «ностра» деп айдар тағылған тіл ғылымының бір саласы да теріске шығармайды. Сондықтан да ортақ тарихымыздың түпбастауын адамзат баласының пайда болған жері – Оңтүстік Шығыс Африканың байырғы тұрғындары Алғашқы Адамдардың тарихынан бастап, бері қарай таратқан жөн болмақ. Өйткені ДНК дерегі бойынша, адамзат баласының бүгінгі заманға жол тартқан керуенінің алғаш «жасақталған» жері сол ара ғой.

Бірақ, солай дегенімізбен, мұны жүзеге асыру – тарихты тек жазба дерекке ғана негіздеп жазуды талап етіп отырған біздің жағдайымызда, тіпті де мүмкін шаруа емес. Өйткені алғашқы адамдар өздері туралы ешқандай жазба дерек қалдырған жоқ қой. Сондықтан да ресми тарих ғылымы бұл күнде олар жайында жазғанда тек археологиялық заттық айғақтар берер мағлұматтарға ғана сүйенуге мәжбүр. Бұл ретте тау үңгірлері мен жерасты қыртысынан табылған ондай заттық айғақтар негізінен: алғашқы адамдардың тұрақтарының орны, қаңқа сүйектері мен олардың тұтынған еңбек құралдары ғана. Осыларды зерттеу арқылы жасалынған ғылыми тұжырымдаманың нәтижесі белгілі: «адам маймылдан жаратылған», «адамды адам еткен еңбек». Бұл орайда, мысалы, «Әлем тарихы» («Всемирная история») авторлары: «ХІХ ғасырда «үшіншілік»[2] кезеңнің соңына қарайғы бөліністе «дриопитек» деп аталған жоғары деңгейде жетілген ежелгі маймылдың қаңқасы табылды. Дриопитектер – адамның және қазіргі заманғы африкалық адамтәріздес маймылдар: горилла мен шимпанзенің ортақ түпатасы болатын… Дриопитектің қаңқасының табылуы – адамның ежелгі адамтәріздес маймылдан жаратылғаны жөніндегі Дарвиннің материалистік теориясының дұрыстығының тамаша айғағы еді»[3] (Всемирная история в десяти томах. Т. 1. – М., 1956. – С. 19) деп тұжырымдайды.

Бірақ, солай дегенмен, осы тарих «маймылдан адамға айналғандардың» қолданған құралдарын тапқанымен, олардың өздерінің нақты кімдер екенін нақты анықтай алмағаны белгілі. Бар болғаны маймылдан адамға айналуға бет бұрғандарының түпатасын «питекантроп» («Маймыладам») деп атап, одан жетіліп кейінгі тарағандарды қаңқа сүйегі табылған жердің немесе елді мекеннің атауына қарай оларға «синантроп», «неандертальдық» деген тәріздес есім беріп, осы түзілімнің жетілу нүктесін «homa sapiens»-ке әкеп тірейді. Осы «homa sapiens»-тен бүгінгі адамдардың атабабасы таралған делінеді.

Сондай-ақ дәстүрлі тарих ғылымының адамзат баласының бастау тарихын: «тас дәуірі» (палеолит, мезолит, неолит); «мыс дәуірі» (энеолит), «қола дәуірі», «темір дәуірі» деп аталатын кезеңдерге бөлуі де осы ежелгі адамдардың әр заманда пайдаланған еңбек құралдарының түріне негізделген. Тарих ғылымының айқындауынша, осының «тас дәуірі» (палеолит) – адамзат баласының ғұмырындағы ең ұзақ кезең. Ол 2 миллион жарым жылдан христиан эрасынан бұрынғы 12 мың жылға дейінгі аралықты қамтиды. Алайда, осының дұрыстығының өзіне күмән бар және оның негізсіз еместігіне, айғақты дәлел ретінде осыдан бірер жыл ғана бұрын интернет арқылы берілген, Африканың батыс өңірінен биік жартастан ойылып жасалынған адамның алып ескерткішінің табылғаны туралы жаңалықты хабардың дерегін ортаға сала кеткеннің артықтығы болмас.

Белгілі болған мәліметтерге қарағанда, Африканың батысындағы Гвинея мен Малидің шекарасына жақын жердегі Конакри қаласынан солтүстікке қарай етек жайған қалың жыныстың арасынан биіктігі 1500 метр гранит жартастың Атлант мұхиты жағына қараған тарамынан ойып жасалған бұл алып ескерткішті италия геологі, профессор Анжело Питони деген кісі тапқан. Осы А. Питонидің мәлімдеген дерегі бойынша: ескерткіштің биіктігі – 150 метр, жасалғанына – 20-35 мың жыл болған[4]. Ескерткіш әйел адамға арналған. Зерттеуші ғалымдардың анықтауынша, оның бет бейнесі африкалықтарға да, еуропалықтарға да ұқсамайды, азиялықтар мен Америка үндістеріне (майяларға) келеді. Ғалымдар оған «Мали ханымы» деген есім берген.

Бұлардан басқа аталмыш ескерткішке қатысты ешқандай не ауызша, не жазбаша мәлімет жоқ. Содан да болар зерттеген ғалымдар тарапынан да әзірге бұл ретте ғылыми бір негізге сүйенген нақты пікір айтылмады. Бар айтылғаны: «Ескерткіштің жасалған уақыты тас дәуірі. Гранит жартастан мұндай мүсінді тұтас ойып шығаратын құрал ол заманның адамдарында болған жоқ. Бұл ғылымға беймәлім ескі замандарда болған дамыған әлдебір өркениеттен, бәлкім, аңызда айтылатын Атланттардан қалған мұра болуы мүмкін» деген дүдәмал болжам ғана. Бары осы.

Ескерткіш ойылған гранит жартастың жалпы көрінісі

Жартастан қашалынған «Мали ханымының» кеуде тұсы

«Мали ханымының» бет бейнесі

Бұл мәліметтерден, бәрінен бұрын, егер ғалымдардың ескерткіш жасын осы анықтаулары шындық болса, онда «Мали ханымы» тарих ғылымы көрсеткен адамзат баласының өмір жолының «Тас дәуірі» деп аталған кезеңінің 2 миллион жарым жылдан 12 мың жылға дейін созылған деген тұжырымының дұрыстығына кәдімгідей күдік келтіруге болды. Өйткені, палеолит, мезолитті былай қойғанда, неолит заманының жетілдірілген тас құралының өзімен гранит таудан қашап, мынандай алып ескерткішті мүсіндеу мүмкін емес. Мұның солай екенін ескерткішті зерттеген ғалымдар да мойындап отыр. Олай болса, осы тас дәуірінде гранит жартастан ойып мынандай керемет өнер туындысын жасаған, жаңағы ғалымдар сілтеме жасап отырған ежелгі өркениеттің иелері мен атланттары кімдер? Олар қазіргі адамзаттың тегіне жатпайтын басқа біреулер ме әлде тегі басқа біреулер ме?

Өкінішке қарай, бұл да жұмбақ. Ғылым әлі бұл жұмбақтардың нақты шешуін тапқан жоқ. Өйткені, қазіргі тарих ғылымы зерттеуге негіз етіп алып отырған тас құралдардың әр кезеңде табылған жерлерінің, мысалы, «олдувай мәдениеті», «андронов мәдениеті» деген секілді әр түрлі атпен аталып, заттық айғақ ретінде ғылымға енген толып жатқан «мәдениеттер» тас дәуірінде тас құралды пайдаланған әйтеуір адамтектес біреулердің өмір сүргеніне куәлік бергенімен, олардың кімдер екенін және қазіргі қай халықтың ата-бабаларының түптегі екенін анықтап бере алмайды[5]. Демек, осындай мәліметтерге сүйенген бүгінгі ресми тарих ғылымының: «Африкадағы алып ескерткішті гранит таудан ойып шығарғандар кімдер? Олардың бүгінгі адамзат баласына қатысы бар ма? Бар болса, олар бүгінгі қай халықтың ата-бабалары? Ескерткіш кімге арналған, оны анықтауға мүмкіндік берер дерек табыла ма?» деген тәріздес толып жатқан нақты сауалдарға да жауап беруге қазіргі таңда мүмкіндігі жоқ. Сонымен бірге бұл тарих ғылымының тас дәуірінің мерзімін қазіргідей екі миллионнан астам уақытқа созуының да ғылыми негізінің әлсіздігін, жасандылығын танытады.

Расында, жаратылысына тән туабітті жасампаздық қабылеті бар адамзат баласының, қай тұрғыдан алсаңыз да, соншама уақыт бойы еш өзгеріссіз тек қана тас құралмен жүруі өмір шындығымен қиыспайтын сияқты. Солай екенін «Мали ханымының» ғылымның «тас дәуірі» деп көрсеткен кезеңінде жасалуының өзі-ақ дәлелдеп тұр. Өйткені бұл – тарихшы ғалымдардың әдеттегідей «шындыққа келмейді» деп қолды бір сілтеп, ысырып тастай салатын нақтылығын дәлелдеуі қиын аңыз дерегі емес, кез келген адамның көзімен көріп, қолымен ұстауына мүмкіндігі бар, ғалымдардың өздерінің «тас дәуірі» деп отырған заманнан жеткен бұлтартпас нақты айғақ. Оның тас дәуірінің мұрасына жататынын қазіргі жетілген ғылымның өзі де мойындап отыр ғой.

Сондықтан бұл орайда белгілі бір шындыққа қол жеткізу үшін заттық айғақтарға сүйенген ресми тарих дерегінен гөрі сол замандарда өмір сүрген халықтардың кейінгі ұрпақтарының ата-бабаларынан естіп, өздерінің жадында сақтап, бірден бірге жалғастырып, бүгінге жеткізген ауызша тарихының (мифтердің, аңыз-әңгімелердің, ертегілердің, ерлік дастандарының және т.б.) берер тарихтық, тілдік мәліметтеріне жүгінгеннен басқа амал жоқ па дейміз. Ресми тарих ғылымының археологиялық заттық айғақтар арқылы жасалған тұжырымдарына қарағанда, есте жоқ ескі заманның ежелгі халықтары жөнінде білетіндерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізген ата-бабаларының жадына сүйенген Халықтың Ауызша Тарихының (ХАТ) берер мағлұматынан, қалай дегенде де, кәдеге асар шындық дәнін табуға болатын секілді. Өйткені діни кітаптар мен мифтердің халықтың жадында жатталып қалған мәліметтерді өз бойына жинап, бір кезде болған нақты оқиғалардың елесін берері мәлім. Тек сол шындық дәнін көре білер көз, тани алар мол таным, аңыз қауызынан тазартар білім мен білік, ой тереңінен түйін түйе алар зерде, шынайы ықылас болсын деңіз.

Айтылғанға айғақ ретінде, енді сол ХАТ-тың бүгінгі сауатты оқырманның баршасына мәлім қағазға түсіп, хатталған деректерінің кейбіріне үңіліп, соның берер мағлұматын, шамамыз келгенше, өз танымымыз деңгейінде пайымдау тезіне салып көрелік.

Бұл ретте адамзат баласының жаратылғаннан бергі өмір жолының бастау кезеңін дәуірлерге бөліп қараған ресми дәстүрлі тарих ғылымы секілді халықтың ауызша тарихының да дәуірлерге бөліп қарастырғанын көреміз. Бірақ ХАТ бұл бөлулерін бүгінгі кәсіби тарихшылар тәрізді «дәуір» демей, «ғасыр» деп атаған. Мысалы, грек мифтерін зерттеген орыс ғалымы Николай Альбертович Кун өзінің «Мифы древней Греции» («Көне Греция мифтері») атты еңбегінде бұл кезеңдердің «Бес ғасыр» делінетінін атап көрсетіп, әр ғасырдың адамдары жөнінде аз да болса арнайы дерек береді. Ол мынау:

Бірінші ғасыр. «Сәулетті Олимпте өмір сүріп жатқан құдыретті құдайлар алғашқы адамзат баласын бақытты етіп жаратты. Бұл – адамзат баласының Алтын ғасыры («Золотой век») еді. Бұл кезде көк әлемінен Крон құдай билік етті. Бақыт нұрына бөленген құдайлар секілді бұл кезеңнің адамдары да қайғы-мұңсыз шаттықта өмір сүрді. Қаусаған кәрілік дегенді білмеген, бұла күші бойына сыймаған аса қуатты адамдар еді. Тым ұзақ жылдардан кейін келетін өлімнің өзі олар үшін тәтті ұйқыға кеткендей өте жәйлі болатын. Олар тіршілігінде ештемеден тарығушылық көрмеді, тер төгіп, еңбек етпеді. Не ішем, не жеймін десе, бәрі әзір еді. Есепсіз көп мал иен жайылымда еркін жайылып жатты. Алтын ғасыр адамдары ұрыс-жанжал дегенді білмеді. Оларға құдайлардың өзі ақылдасу үшін келіп тұратын. Бірақ уақыт өте келе бұл «Алтын ғасыр» да жер бетінен ғайып болды. Алтын ғасыр адамдары өлгеннен кейін рухқа айналып, адам баласының жер бетіне жаңадан пайда болған ұрпағының қамқоршы қорғаушысына айналды. Олар тұманға оранып, шындықты қорғап, зұлымдықты жазалап, жер бетін шарлап жүреді».

Екінші ғасыр. «Күміс ғасыр» («Серебряный век») деп аталатын бұл ғасырдың адамдары ақылы жағынан да, күш-қуаты жағынан да Алтын ғасырдың адамдарымен теңесе алмайтын еді. Олар жүзге келгенше анасының бағымында болып, содан кейін ғана өз бетінше күн көретін. Бірақ есейгеннен кейін де өздерінің ақылсыздықтарына байланысты бақытсыздыққа ұшырап, көп азап шеккендіктен, олардың ғұмыры ұзаққа созылмады. Күміс ғасырдың адамдары құдайларға бағынбады, оларға арнап құрбандықтар шалмады… Кронның даңқты ұлы Зевс адамзаттың бұл ұрпағын жер бетінен жойып жіберді… Зевс оларды қараңғы жерасты патшалығына орналастырды».

Үшінші ғасыр. «Зевс бұдан кейін адамзат баласының үшінші ұрпағын өмірге әкеліп, Мыс ғасырын («Медный век») орнатты. Бұл ғасырдың адамдары мұның алдындағы күміс ғасырдың адамдарына да ұқсамайтын. Зевс бұларды найзаның ағаш сабынан жасаған. Мыс ғасырының адамдары өркөкірек, шетінен соғысқұмар жандар еді. Олар жер өңдеуді білмеді, бау-бақша өсірумен айналыспады. Зевс оларға ересен зор бой, дүлей күш берді. Олар тайқу білмес тасжүрек алыптар еді. Олардың қарулары да, еңбек құралдары да, үйлері де мыстан жасалды. Олар өздері бірін бірі өлтірді. Сөйтіп қара ажал оларды жалмап тынды».

Төртінші ғасыр. «Мыс ғасырының адамдары жерасты патшалығына кеткеннен кейін Зевс адамдардың басқа жаңа ұрпағын жаратты. Бұлар – төртінші ғасырдың жер өнімдерін азық еткен, бұрынғыларға қарағанда мейлінше қайырымды, мейлінше әділ, құдайларға пара-пар жартылай құдай – батырлар әулеті еді. Олар Қадм еліндегі Эдиптің мұрасы үшін шайқаста Фивтің жеті қақпасының алдында қаза тапты. Қалғандары Троя соғысында мерт болды. Өлгеннен кейін оларды Зевс адамдардан алыс, жердің түбіндегі аралдарға жіберді. Олар асау толқынды Мұхиттың осы аралдарында қайғы-мұңсыз, ештемеге зәрулігі жоқ қамсыз тірліктің құшағына енді».

Бесінші ғасыр. «Адамзат баласының соңғы ғасыры – Темір ғасыры («Железный век»). Ол жер жүзінде қазір де жалғасып жатыр. Азапты еңбек пен қайғы адамдарды күні-түні әуреге салады. Құдайлар адамдарға ауыр тауқымет артады. Құдайлар зұлымдыққа ізгілікті араластырып бағады, бірақ бәрібір зұлымдық үстемдік алып, бар жерде өз билігін жүргізуде. Балалар ата-анасын құрметтемейді, достар досына адалдық сақтамайды, қонақ жылы қабақпен қарсы алынбайды, ағайын арасында бауырмалдық жоқ. Адамдар берген антында тұрмайды, қайырымдылық пен шындықты бағаламайды. Бір-бірінің қаласын талқандайды. Барлық жерде зорлық, күш көрсету. Тек астамшылық пен күштілік қана бағаланады. Ұят пен Әділет құдайлары олардан әлдеқашан безініп, ақ киімдеріне оранып Олимп тауындағы мәңгілік құдайларға кетті, адамдарға тек ауыр азап қана қалды. Олардың зұлымдықтан қорғаушысы жоқ» (Кун Н. А. Мифы древней Греции. – Москва, 2004. – С. 150-154).

Міне, грек мифологиясының деректері адамзат баласының түпбастау тарихына қатысты осындай бес ғасырдың болғанын алға тартады. Ал бұдан нені аңғарып, нені білуге болады? Енді осы төңіректе өрбітер ойды ресми тарих ғылымы ұсынған мәліметтермен салыстыра отырып пайымдап көрелік.

Бұдан, ең алдымен, байқалатыны: ХАТ-тың осы грек мифологиясы ұсынған «Бес ғасырының» әр ғасырының атының анықтауышы болып тұрған металдар (алтын, күміс және басқалар) ресми тарих ұсынған дәуірлердің аттарындағы тас, мыс, қола, темір секілді ежелгі адамдардың пайдаланған еңбек құралдарының түрін білдірмейді, оған керісінше, бұлар әр ғасырдағы өмір сүрген адамдардың адамдық сапасының балама көрсеткіш теңеуі ретінде беріледі. Мұндағы алтын ғасыр адамдарынан күміс ғасыр адамдарының, сондай-ақ олардан кейінгі ғасырлар адамдарының алдағыларға қарағанда адамдық сапасының біртіндеп төмендей беретіні соның айғағы. Ресми тарих ғылымы дерегінде, бұған керісінше, еңбек құралдары өзгеріп, жетілген сайын ежелгі адамдардың әлеуметтік даму деңгейі көтеріле түседі.

Миф дерегіндегі «Алтын ғасырдың» адамзат баласы тарихының бастауында тұрған алғашқы адамдарға қатысты екені ашып көрсетілген. «Сәулетті Олимпте өмір сүріп жатқан құдыретті құдайлар алғашқы адамзат баласын бақытты етіп жаратты» деген сөйлем соның айғағы. Бірақ солай бола тұра, мұнда, жоғарыда айтылған, ресми тарих ғылымының анықтауы бойынша екі миллионнан астам уақытқа созылды делінетін Тас дәуірінің тас құралымен қаруланып, тау үңгірлерін паналап, өзен-су бойларын сағалап, күндік қорегінің қамымен қапылып жүрген жабайы адамдар жоқ. Оның орнына төрт құбыласы түгел, пенделік қайғы-мұңнан

5-120

ада, періштелік тазалықпен шаттық тірлікте ғұмыр кешкен бақытты жандар жайында баяндалады. Соған орай олардың ғұмыр кешкен дәуірі миф авторлары тарапынан «Адамзаттың алтын ғасыры» деп бағаланады.

Бұған қарап, «Алтын ғасыр адамдары жөнінде дерек берген ежелгі ескі заманның өкілдері тарих ғылымы анықтаған Тас дәуірінің тас құралды жабайыларын білмеген шығар» деп ой түюге болар еді. Бірақ оған грек мифологиясының «Алтын ғасыр» кезінде «көк әлемінен Крон құдай билік етті» деп анық қадап айтуы мүмкіндік бермейді. Өйткені жаратылыстың бастауына қатысты өзіндік мәлімет беретін грек мифологиясы Жер бетіндегі тіршілікті жаратып, соған әмірін жүргізген құдайлардың алғашқысы – аспан құдайы Уран мен жер құдайы Гея екенін жақсы біледі. Ал мына Крон құдай болса, ол – осы Уран мен Геяның баласы. Осыған орай адамзат баласының өмір жолын кезеңге бөлген миф авторларының «аспан құдайы Уранның заманын аттап өтіп, адамзат тарихын Кронның дәуірінен бастап, оны «Адамзат баласының алтын ғасыры» деп атауы неліктен» деген заңды сұрақ туады. Қалай болғанда да, алғашқы адамдардың жер бетінде пайда бола салып, бірден жетіліп кетпегені, белгілі бір кезеңде қалайда жабайылық дәуірді бастан өткергені зерде мойындайтын шындық қой.

Бұл арада басы ашық бір мәселе бар. Ол – Адамзат баласының бастау тарихының кезеңдерін, жоғарыда айтылғандай, бес ғасырға бөліп көрсетушілердің соңғы «Темір ғасырының» адамдары екендігі. Мұны мифтегі осы ғасырға қатысты айтылған: «Адамзат баласының соңғы ғасыры – Темір ғасыры. Ол жер жүзінде қазір де жалғасып жатыр» деген тұжырым одан әрі нақтылай түседі. Өйткені осындағы «қазір де» деген сөз «Бес ғасыр» мифін өмірге әкелушілердің осы темір ғасырында тіршілік етіп жатқанын айғақтайды. Осыған қарағанда, бұлардың, яғни Темір ғасыры адамдарының адамзат баласының бастау тарихын Крон құдай дәуірінен бастап, оның әкесі аспан құдайы Уранның тұсындағы жабайы адамдардың беймәлім тірлігін есепке алмай, алтын ғасыр адамдарын «алғашқы адамдар» деп тануы – жай білместік не кездейсоқтық болмаса керек. Мұнда өзіндік бір тарихи заңдылық бары анық.

Біздің пайымдауымызша: «темір ғасыр» адамдары өздерінен бұрынғы өмір сүрген адамзат баласының бар тарихынан толық хабардар. Сондықтан да олар ресми тарих «Тас дәуірі» деп таңбалаған адамзат баласының жабайы кезеңін есепке алмай, тек олардың нағыз адамдық қалыпқа түсіп, саналы

тірлікке көшкен кезеңін ғана бес ғасырға бөліп отыр. Соның алдыңғы төрт ғасырының адамдарын «жойылып кетті» деп көрсетулерінің қазіргі заман ғалымдарының баяғы Византия тарихшысы Снеллиус мәлімдеген «Мысыр абыздарының 36525 жыл бойы үзбей жүргізген «Ескі хроникалар» деп аталатын жазбалар мен х.э. дейінгі ІІІ ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Лаертадан шыққан Диоген жеткізген Мысыр храмдарында Александр Македонскийге дейінгі 48863 жылды қамтитын жазбалардың сақталып тұрғандығы секілді толып жатқан нақты деректерге сүйеніп, «адамзат баласы бізге дейін де бірнеше өркениетке қол жеткізген» деген кейінгі ғылыми болжамдарымен ұштасып жатқаны зерделеген жанға біраз жайды аңғартады. Сондай-ақ бұл арада миф авторларының әр ғасыр адамдарын жойып жіберіп, олардың орнына құдайларға адамзаттың басқа, жаңа ұрпағын жаратқызулары да ғылымға мәлім х.э. дейінгі 1412 мың жылдар шамасында орасан жер сілкінісі туғызған табиғи сұрапыл апаттың салдарынан Атлантида және Му континенттерінің мұхит суының астына жұтылғаны секілді орасан апатты тарихи оқиғалардың болғандығымен үндесіп жатыр. Мұның бәрі және бізге «Адамзат баласы бүгінге дейін, ресми тарих ғылымы көрсеткен тас дәуірінен тысқары, өркениетті төрт дәуірді бастан өткеріп, бесіншісінің бел ортасында жүр» деп топшылауға мүмкіндік береді. Осы топшылауды шындыққа айналдырар қазіргі таңда толып жатқан артефактілердің сыртында нақты айғақ – гранитті жартастан тұтас ойылып жасалған аталмыш мына «Мали ханымы» ескерткіші. Сондай-ақ Александр Горбовскийдің «Көне заман тарихының құпия сырлары туралы» атты еңбегінде әр жойылған өркениеттен кейін «қайтадан тас ғасыры орнады» (қараңыз: Горбовский А. Ұмыт болған мұхит жолы // «Шарапат». – Алматы, 1973. – 58-бет) деген нақты деректерге негізделген тұжырымы да осыны растап, бұл төңіректе әлі де ойласа түсудің қажеттілігін керексінеді. Шамасы, дәстүрлі ресми тарих ғылымының «тас дәуірін соншама ұзаққа созған» тұжырымдаулары да осындай қайталанған жайларды саралап жатпай, әр жойылған өркениеттен кейін жаңа басқа өркениет қалыптасқанға дейінгі арадағы «тас құралдардың» бәрін тұтас бір кезеңге жатқызып жібергендіктен болса керек. Біздің пайымдауымызша, негізгі тас дәуірі қаншаға созылса да мифтегі Уран құдай дәуірімен бітетін секілді.

Мұның бәрі ресми тарих ғылымының «адамды маймылдан жаралды» деген тұжырымының қазіргі таңда ешқандай кәдеге жарамайтынын көрсетеді. Оның сыртында, кейінгі жетілген ғылым қазіргі жер басып жүрген жан иелерінің қай-қайсысының болсын түптегі бастапқыда қалай болса, кейін жетілгенде де сол болмысын сақтап қалғанын дәлелдеп отыр. Басқаша айтқанда, әу бастан, сонау жаратылыс бастауында-ақ маймыл маймыл, адам адам болып жаратылған. Бұл «он сегіз мың ғаламды, соның ішінде адамды да Құдай жаратты» деген байырғы діни кітаптар тұжырымымен де үйлеседі. Бәлкім, маймылдардың бірнеше түрі болғаны секілді, біздің заманымызға жетпегенімен, адамдардың да бірнеше түрі болған шығар. Археологтер тапқан «гигантопитектер» мен «мегантроптардың» қаңқа сүйектері осылай ойлауға мүмкіндік береді. Халықтардың ежелгі аңыздарында алыптар туралы айтылатын әңгімелер қаншама. Ал лилипуттарды өзіміз де көрдік қой. Салыстыра зерделеп, аңдаған жанға осылардың бәрі ежелгі замандардан жеткен аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бос қиял жемісі емес, өн бойына өмірде болған оқиғаларды өзек еткен, тек әр кезеңдегі айтушының талғам танымына қарай сырт бояуын құбылтып өзгерткенімен, ішкі дәнін уақыт эрозиясына ұшыратпай бүгінге жеткізген ғажайып құбылыс екенін айғақтап тұрғандай.

Сөзіміз жалаң болмас үшін, енді осы айтылғандарды негізге ала отырып, сөз басында айтылған, «Африкадан табылған алып ескерткішті жартастан ойып шығарғандар кімдер? Олардың бүгінгі адамзат баласына қатысы бар ма? Бар болса, олар бүгінгі қай халықтың ата-бабалары? Ескерткіш кімге арналған, оны анықтауға мүмкіндік берер дерек табыла ма?» деген тәріздес сауалдарға мифология деректері арқылы нақты жауап іздеп көрелік. Бұл сұрақтарға жауап беру «адамзат баласының бастау тарихын алғаш жаралған адамдар тарихынан бері қарай таратып жазуға бола ма» деген сауалға да жауап болмақ.

Бұл ретте ресми тарих ғылымының нақты дерек бермейтінін жоғарыда айттық. Сол себепті аталмыш сауалдарға жауапты тек Халықтың Ауызша Тарихының (ХАТ) материалдарының дерегінен, яғни ежелгі мифтік аңыз-әңгімелердің берер тарихтық, тілдік мәліметтерінен іздеуден басқа жол жоқ. Қазіргі біздің жағдайымызда, осы бағыттағы ізденіс бағдарын анықтауға бізге «Мали ханымы» ескерткішінің жасалған уақыт мерзімі – «20-35 мың жыл» қол ұшын береді. Өйткені, бұл жылдар – грек мифологиясындағы құдайлар дәуірінің кенжесі Кронұлы Зевстің дәуірлеген кезі. Зевстің билігі адамзат баласының ғұмыр жолын бес ғасырға бөлген миф дерегінде Екінші ғасырдан, яғни «Күміс ғасырдан» басталады. Оған жоғарыда келтірілген миф дерегіндегі: «Адамзаттың бұл ұрпағын Кронның даңқты ұлы Зевс жер бетінен жойып жіберді… Зевс оларды қараңғы жерасты патшалығына орналастырды» деген жолдар айғақ. Ал бұл, өз тарапынан, «Мали ханымының» кім болуы мүмкін екенін анықтау үшін енді бізге әлем халықтарының мифтерін іздеп тауып, түгендеп жатпай-ақ, тек Зевс дәуіріне қатысы бар деректерді ғана зерде тезінен өткізудің керектігін көрсетеді.

Осыған орай біз де солай істедік. Сонда Зевстің Герадан басқа көңіл жарастырған толып жатқан сүйіктілерінің арасынан «Ио» деп аталатын аруға қатысты деректер «іздегенің менмін» деп, белгі беріп тұрғандай назарымызды бірден өзіне аудартты. Мұндағы басты ерекшелік – Зевстің көп көңілдестері ішінен тек бір Ионың ғана Африкада жалғыз өзінің жеке дара болуы еді.

Жалпы Ио туралы мифтік аңыздар баршылық әрі олардың айтарлары да әр қилы. Солардың ішінен маңызды мәлімет беретін Овидийдің «Метаморфозы» поэмасы мен Эсхилдің «Прометей прикованный» трагедиясындағы Иоға қатысты деректерді жүйелеп мазмұндаған мифтанушы Николай Кунның «Легенды и мифы Древней Греции» атты еңбегімен бірге тарих атасы Геродоттың әйгілі «Тарихындағы» деректер ерекше назар аудартады. Түптеп келгенде, «Мифы народов мира» атты энциклопедиядағы Иоға қатысты материалдар да осылардан алынып, қорытылған мәліметтер. Енді соларға кезек берелік.

Николай Кунның мазмұндауы бойынша оқиға былайша өріледі: «Кезінде құдайлар анасы Гера өзінің күйеуі Зевстен көп теперіш көреді. Соның бірі Зевстің ғажайып сұлу қыз Иоға ғашық болуына байланысты. Біліп қалса, қызғаншақ Гераның сүйіктісіне қастандық жасайтынын ойлаған Зевс Ионы ақ танаға (белоснежую телку) айналдырып, көзден тасалауға ұйғарады. Бірақ оның бұл әрекеті Ионы Гераның қаһарынан құтқара алмайды. Зевстің айласын біліп қалған Гера көргеннің көзін тойдырар сүйкімді ақ танаға қызыққан болып, оны өзіне сыйлауын өтінеді. Бермеске сенімді сылтау таба алмаған Зевс амалсыз Ионы Гераға беруге мәжбүр болады. Осылайша Ионы қолға түсірген құдыретті Гера оны жүзкөзді Аргусқа күзеттіріп, қатаң бақылауда ұстайды. Осыдан бастап Ионың қайғылы да азапты күндері басталады.

Қапияда айырылып қалған ғашығының қайғырып, азапта жүргенін көрген Зевс өзінің ұлы, желаяқ Герместі шақырып алып, оған қалайда ақ тананы ұрлап алып, бостандыққа шығаруды тапсырады. Гермес жүзкөзді Аргусқа түрлі қызықты әңгіме, ертек айтып, елтітіп, көзіне ұйқы үйіреді. Маужыраған Аргус қалғып кетіп, бір сәт жүз көзін түгел жұмған кезде, соны аңдып отырған Гермес өзінің қайқы (изогнутый) қылышымен оның басын қағып түсіреді. Сөйтіп Ио бостандыққа шығады.

Бірақ бұл да жанын қызғаныш билеген Гераның қаһарынан Ионы құтқара алмайды. Ионың ұрланғанын біле салысымен, Гера ақ тананың соңына жантүршігерлік екі шанышқақты[6] салып қояды. Шаққан жерінің қанын сорғалататын бұл екі жәндік ақ танаға (Иоға) тыным бермей, алдына салып өңкілдетіп қуады да отырады. Денесін қызарып қызған темірдей қарыған екі шанышқақтың бізгегінің (жалосының) уытына шыдамаған ақ тананың қашып бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Осылай сорлап, шаршап-шалдығып жүріп, скиф даласындағы таудың теріскей шыңдарының біріне шегеленген (бұғауланған) Прометейге жолығады. Әбден азып-тозған, жүдеген Ио Прометейден ендігі тағдырының не болатынын айтып, көмектесуін өтініп: «О, Прометей! Здесь на этом пределе моих скитаний, открой мне, молю тебя, когда же кончатся мои муки, когда же наконец найду я покой?» деп жалынады.

Оған Прометей: «О, верь мне Ио! Лучше не знать тебе, чем знать. Много еще стран пройдешь ты, много встретишь ужасов на своем пути. Твой тяжкий путь лежит через страну скифов, через высокий снежный Кавказ, через страну амозонок к проливу Босфор так назавут его в честь тебя, когда ты переплываешь его. Долго будешь ты, затем блуждать по Азии. Ты пройдешь много страны, где живут, несущие смерть горгоны; на их головах извиваются щипя, вместо волос. Остерегайся их! Остерегайся грифов и однооких аримаспов; и их ты встретишь на своем пути. Наконец достигнешь ты Библинский гор, с них извергает свои благодатные воды Нил. Вот там-то, в стране, которую орошает Нил, у его устья найдешь ты покой. Там вернет тебе Зевс твой прежний, прекрасный образ, и родится у тебя сын Эпаф. Он будет властовать над всем Египтом и будет родоначальником славного поколения героев. Из этого рода произойдет тот смертный, который освободит меня из оков. Вот что, Ио, поведала о судьбе твоей мать моя Фемида» (Кун Н. Легенды и мифы Древней Греции. Ал.: изд. «Жалын». 1985. С. 68-69).

Міне, мифологиялық аңыз кейіпкері Ио туралы ауызша дерек көздері берер деректің бірі осындай. Енді осы айтылғандар мен оған қатысты басқа деректерді талдау арқылы Ионың кім екенін және оның тегі қай халықтан екенін анықтауға талпынып көрелік. Онымызды және осы Ионың есімі мен оның шыққан тегін анықтаудан бастайық.

Иоға қатысты миф деректерін тұтастай зерделеу барысында бір анықтағанымыз: оның есімінің дұрыс аталуы Ио емес, «Иө» екендігі. Аңызды хатқа түсірген үндіеуропалықтар «ө» дыбысын өз мәнінде бере алмағандықтан, Иөні Иоға айналдырып жіберген. Көне заманда түріктілдес халықтар күнді «Ра», айды «Иө» деп атаған. Бұлай атау кейін ежелгі Египет және Майя халықтарында сақталған. Ал кейбір халықтардың тілінде айды «Иө», күнді «Ра» («Ре) деп атау қазір де бар. Мысалы, қытайлықтар айды қазір де «иө», күнді «ре» дейді[7]. Сондай-ақ түріктектес халықтардың біразы айды қазірде «ай» деп атайды.

Тым ескі заманда айдың «иө» деп аталғанын ақ танаға айналған миф кейіпкерінің (Ионың) арып-ашып Африкаға жетіп, қайтадан адам бейнесіне түскен жері «Тыныс-номда» «Ио» делінбей, «Ай» деп аталуы да, одан біраз кейін тана елінің әрі билеушісі, әрі Құдай-Анасы болған кезде есімінің тана елінің атауымен бірігіп, «Тана+Ай» (Дана-ай) аталуы да осы ойымыздың дұрыстығын құптап, Ио (Иө, Ай, Танай) арудың есімінің түрік тілінің сөздік қорынан шыққанын одан әрі айғақтай, нақтылай түседі. Бұдан Ио арудың ататегі түріктектес халықтардан екенін аңғару да онша қиындық туғызбайды. Бұл тек Ионың есіміне қатысты.

Енді Ионың шыққан тегі жөнінде.

Байыптап қарасаңыз, осы тақырыпқа қатысты миф деректерінің бәрінде де Ионы «Аргостың патшасы Инаханың қызы» деп көрсетіледі. Демек, бұған бақсақ – Ионың туған жері, өскен ортасы осы Аргос, яғни Ио Аргостың төл тумасы. Сондай-ақ аңыз деректерінен Аргостың автохтондық тұрғындарының пеласгилер екені белгілі. Бұл – әлгі грек ақыны Гесиодтың «жер бетінде пеласгилер пайда болғанда аспанда Ай әлі жоқ болатын» (Гесиод. Работы и дни, Теогония. Перевод поэм Г. Властова. СПб., 1885. ІХ. С. 280) дейтін ең ежелгі көне халықтардың бірі[8]. Ионың әкесі Инаханың осы пеласгилерді билегені де, солардың патшасы болғаны да миф авторлары мойындатқан шындық. Осыған байланысты Ф.А. Брокгауз мен И.А. Эфронның энциклопедиялық сөздігінде (1890-1907) берілген: «Фороней – предок и прородитель человечества, сын бога реки Инаха и нимфы Мелии» деген деректі де еске сала кеткеннің артықтығы болмас. Өйткені бұған қарағанда бүкіл Пелопоннес түбегіне патшалық құрған Фороней – Инаханың ұлы, ал Ио – қызы болып шығады. Ионың Африкаға барып, қайтадан адам кейпіне түскеннен кейін Тана елінде «құдай-ана» аталуының негізі де осында жатса керек.

Көп құдайды ойлап тапқанға дейін адамзат баласы Күн мен Айға табынып жүрген кезде осы пеласгилердің негізінде құрылған Ас тайпалар бірлестігінің Күнді құдай тұтқандары өздерін «Күн тегі», ал Айды құдай тұтқандары өздерін «Айдың бауырлары» (младшие и старшие братья Луны) деп атаған. Күнтегілердің билеушілері өздерін әрі патша, әрі құдай санаса, айдың бауырлары өздерін «мән» (ман) деп атап, дінбасы «абыз» санаған. Уақыт өте келе осы Айға табынған мандар әлеуметтік жағдайларына қарай іштей екіге бөлініп, ежелгі бөлегі: «аха» (аға), «аха-ай» (айдың ағасы) деп атап, олардан шыққан патша әулетін кейін өзгелерден ерекшелеп «ахаман», «ахайман» деп атаған. Кейінгі кейбір ел билеушілерінің «ағамен» делінетіні осы «ахаманнан» шыққан. Екінші бөлігі: «іні-ай» (Айдың інісі) деп аталған. Бұларды біріктіріп атағанда, жаңағы айтқанымыздай, «Айдың бауырлары» дейді. Осының «ініайлары» кейін басқа тектес тайпалармен бірігіп жеке ел болып кеткенде, өздерінің абыздар тұқымынан екенін ерекшелеп, бұрынғы «ініай» атауына «ман» («мән») атын қосып, өздерін «Іні-айман» (найман) деп атаған. (Бұдан қазіргі қазақ халқының құрамындағы найман тайпасының атауының төркінінің қайдан шыққанын да аңғару қиын емес. – Қ.С.)

Міне, осы айтылғандарды халықтың ауызша аңыз-әңгімелерінің деректеріндегідей ықылым заманның ел билеушілерін төл атымен атамай, оның орнына халқының, елінің атауын соның есімі ретінде де атай беретінін ескере отырып, ой елегінен өткізсек, Ионың әкесі Инаханың да аты оның өзінің төл есімі емес, оның елінің атауына байланысты айтылған деуге негіз бар. Бұған «инаха» сөзінің төркінін (этимологиясын) анықтау арқылы көз жеткізуге болады. Инаха – ежелгі түріктердің уақыттың (бәлкім, басқа тілдердің) ықпалымен сәл өзгеріске ұшыраған «нағыз аха» (самый главный аха) деген мағынаны білдіретін «ең аха» деген сөзі. Басқаша айтқанда, «ең аха» – аха елінің ең жоғарғы билеушісі, яғни патшасы деген ұғымды білдіретін атау. Осыдан шығарып, аңыз кейіпкері Ионың шыққан тегін анықтауға да мүмкіндік туады. Ио (Иө, Ай) – аха елінің билеушісінің қызы, Аргосты мекендеген аха (ахай) жұртының тумасы. Ал ахалардың ман халқы екенін және олардың ежелгі түріктектес халықтардың арғы түптегімен қалай тамырласып жатқанын бұдан біраз бұрын жарық көрген «Жер-жаһанда арғыатаңның ізі бар» деген кітабымызда арнайы тоқталғанбыз (қараңыз: Салғараұлы Қ. Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар. Астана, 2015. 77-104-бб.).

Осы орайда айтылғанның солай екенін нақтылай түсу мақсатында жанама дерек ретінде ахалар жөнінде мол мәлімет беретін гректің көне жырауы Гомердің әлемге әйгілі шығармаларын да еске сала кеткеннің артықтығы болмас. Осында ахалардың біріккен күшпен Трояға жасаған шабуылы кеңінен суреттелетіні белгілі. Осы Троя соғысында ахалар жағынан айрықша аталатын батырларының бірі – Одессей. Оның басқа батырлардан ерекшелігі: айла-амалы көп, тапқыр, қу адам. Ол сол қулығымен троялықтарды алдап, ахаларды жеңіске жеткізеді. Міне, осы Одессейдің елін Гомер өзге ахалардан бөліп «ит-аха» деп атайды. Түрік халықтары ежелден алдауды, өтірік айтуды, қулық-сұмдықты, жалғандықты жек көрген. Ондай жасаған адамды «ит-адам» (собака-человек), мінезін «ит-мінез» (собачьи характер) деп атаған. Мұның солай екеніне Махмұд Қашқари мен Жүсіп Баласағұнидің еңбектерін және батырлар жырын оқыған кез келген адам көз жеткізе алады. Гомердің алдамшы қу, айлакер Одессейдің елін басқа ахалардан бөле-жара «ит-аха» (собака-аха) деп атауында сол ежелгітүріктік түсінік жатыр деп батыл айтуға негіз бар.

Бұл айтылғандардың бәрі, көне аңыз дерегін қалайда түрікке жақындату мақсатында қиыннан қиюластырған жалаң қияли бопса тірлік еместігіне Иоға байланысты айтылған жер-су, ел атаулары да одан әрі көз жеткізе түседі. Қуғын-сүргіннің бар азабын бастан өткеріп барып, өліпталып Африкаға жеткен Ионың ақ танадан (сиырдан) адам кейпіне айналып, тыныштық тауып тұрақтаған жеріндегі аңызда айтылатын жер-су аттары (топонимдер, гидронимдер) мен халықтық атаулардың (этнонимдер) бәрі түріктік атаулар. Олар мыналар: «Библі тауы», «Ніл дариясы», «Тыныс номы», «Тана өзені», «Тана көлі», «Тана жұрты». Түрік халықтарының тілінен хабары бар кез келген адамның бұл атаулардың қай-қайсысын да дәл осы күйінде ешқандай «Түсіндірме сөздіксіз-ақ», ешбір ғылыми талдаусыз-ақ әрқайсысының нендей мағына беретінін, жеке алғандағы сөздік мәнін бірден ұға алатынына сенімді болғанымызбен, тіл білмейтіндердің көңілінде күдік қалмас үшін енді осы атаулардың бәріне қысқаша болса да арнайы жеке-жеке тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Жоғарыда келтірілген аңызда Прометей Иоға: «Наконец достигнешь ты Библинский гор, с них извергает свои благодатные воды Нил» деген еді ғой. Міне, осындағы «Библинский гор» Бибілі тауы. «Бибілі» сөзі көнетүріктің «бибі» деген сөзіне көптікті білдіретін көне «лі» жұрнағы жалғану арқылы жасалып, «бибісі көп» деген ұғымды білдіреді. Ал «бибі» деп түрік халықтарының тілінде төрелердің, мырзалардың әйелін айтады. Сөздіктерде оған: «Бибі – жена вельможи (представители духовной, дворцовой знати или аристократи)» деген түсінік берілген (Қазақша-орысша сөздік. Ал., 2001. 149-б.). Сонда «Бибілі тауы» түрікше: «Бибісі бар тау», «Бибісі көп тау» деген ұғымды білдіреді. Қазақтың қарағайы көп жерді «қарағай-лы»; жидесі көп ерді «жиде-лі»; түйесі көп ауылды «түйе-лі» дейтіні сияқты. Матриархат заманында өмір сүрген Ионың кезінде таудың былай аталуы заңдылық, ешқандай күдік тудырмаса керек.

Енді осы Бибілі тауынан бастау алған Ніл дарияға келсек, оның да аты түріктік мағынаға ие. Ніл – түрікше ашық көгілдір түстің аты. Соған орай түрік халықтары, оның ішінде қазақтар, жездің тотығып көгерген түрін де «ніл» дейді. Осындай жезі көп жерді «Ніл-ді» деп атайды. Орталық Қазақстанның бір өңірі қазір де «Нілді» деп аталады. Ніл атауы әуелде түстің түрінен, әлде жездің осы түрінің көгілдір-жасыл түсті болуынан шықты ма, ол жағын дәл айту қиын, әйтеуір араларында бір ортақтастық бары анық. Осыларға қарағанда, Бибілі тауынан құйылған берекелі мол суымен қуаң даланы құлпыртып жатқан арналы дарияның атын көк-жасылданып толқыған суының түріне қарап бір кезде Африканы мекендеген арғытүріктің аталары (прототүріктер) «Ніл» деп атаған да болар. Мұны осыған байланысты қабаттасып жатқан мынандай ұғымдар да құптай түседі.

Ежелгі түрік халықтарында, нақтырақ айтсақ, көнеқыпшақтарда дүниенің төрт құбыласын түстің түрімен, мысалы, шығысты «көк», батысты «ақ» («құба»), солтүстікті «қара», оңтүстікті «қызыл», ал осылардың ортасын «сары» деп атайтын дәстүр болған. Сол дәстүрмен үлкен өзен-дариялардың да әр бағытқа тарамдалып, бөлініп аққан ірі салаларына сол бағыттың түстік атауын әлгі өзен-дарияның негізгі атына қосып атай берген. Мысалы, атақты Еділ дарияның солтүстіктегі саласын «Қара Еділ», батыстағы саласын «Ақ Еділ» немесе Кеңгір өзенінің солтүстіктегі саласын «Қара Кеңгір», орта саласын «Сары Кеңгір» деп аталатынындай. Осы сияқты Ніл-дарияның да батыс саласының «Ақ Ніл» (Белый Нил), шығыс саласының «Көгілдір Ніл» (Голубой Нил) аталуы да дария атауы «Нілдің» сөздік төркіні түрік жұртынан екенін дәлелдеп тұрғанын байқауға болады. (Өз басым түрлі көне деректерге үңіле жүріп, әзірге түріктерден басқа өзге халықтарда төрт құбыланы бұлайша түстің түрімен атайтын дәстүрді кездестірмеппін). Сондай-ақ осы Ніл дарияның орта ағысында орналасқан әлемдегі ең көне қалалардың бірі деп танылған «Йер-қон» қаласы атауының да: «йер» (жер) және «қон» (жайғас, орнық, түне, тұрақта) деген түріктің екі сөзінен құралып, «түнейтін жер», «қоныстанған жер», «орныққан жер» деген мағынаны білдіруі де жоғарыда айтылғандардың бекер еместігін айғақтап тұрғандай. (Ортағасырлық түріктердің ататегі шыққан жер деп есептелінетін «Ергене-қонмен» салыстырып көріңіз Қ.С.).

Айтылған ойды одан әрі бекіте түсу мақсатында осы арада ретіне орай «египет» атауының да, түптеп келгенде, түрік сөзі екенін айта кеткеннің артықтығы болмас. «Египет» – түріктің «екі» (два) және «бет» (лицо, берег) деген екі сөзінен құралып, өзеннің «екі беті», «екі жағалауы», «екі қапталы» деген ұғымды білдіреді. Африканың құм басқан шөл даласында Ніл дарияның екі бетінен басқа тұрақтап мекендер жері жоқ елдің атауының өзен бойын сағалаған халқының орналасуына қарай беріліп, ерте заманда «Екібет» (Египет) деп аталуы табиғи заңдылық. Бір өзеннің екі бетін мекендеп отырған елді тұтас алғанда: «Екі беттің халқы» немесе «Екі беттің елі» деп, ал жекелеп алғанда «арғы беттің халқы» немесе «бергі беттің халқы» деп атау түрік халықтарының тарихында қазір де көптеп кездеседі. Сондықтан Ніл дарияның екі жақ бетін мекендеген елдің «Екібет» («Египет») аталуында ешқандай оғаштық жоқ, табиғи заңдылық. Ал «екібет» сөзінің уақыт оза келе «екибет – екипет – египет» болып өзгеруі де қалыпты жағдай.

Аңыз дерегінде Ионың көп сергелдеңнен кейін Африкаға келіп, осында ақ танадан бұрынғы адам кейпіне қайта оралып тұрақ тапқан жері «Тыныс» (Тинис) деп аталады. Тасқа шегеленген Прометей әулиенің ақыл сұраған Иоға: «В стране, которую орошает Нил, у его устья найдешь ты покой» дегендегі «покой» тапқан жерінің түрік тілінде «Тыныс» аталуын, оның және «покой» сөзінің түрікшеге тура аудармасындай бір мағынаны дәл беруін, жай бір кездейсоқтыққа тели салу да қиын. Бұл да, өз тарапынан, арғытүріктің осы өңірде бір кездерде болғанын әйгілер, солардан қалған көне бір із, деректі айғақ екенін дәлелдейді.

Қараңызшы, Египет тарихында Ио билік жүргізген алғашқы қауымдастықтың аты «Тыныс ном» (ном – көне түрікше: «қауым», «тайпа», «есім» деген мағынада Қ.С.) болса, ал халқының аты – Тана. Сондай-ақ бастауын Бибілі тауынан алып, созыла ағып жатқан Нілден басқа ежелгі екінші бір өзеннің де, сол өзеннің барып құятын көлінің де атаулары осы халықтың атымен «Тана» деп аталған. Тана халқының қашан матриархат дәуірінің дәурені өтіп, патриархат дәуірі күш алғанға дейін осы Тана өзеннің қос қапталы мен Тана көлінің жағалауын мекендегені белгілі (бұл туралы да жоғарыда көрсетілген кітапта айтылады – Қ.С.). Ионың «Құдай-Ана» ретінде танылуы да, Тана-Ай (Данаай) деген есімдермен аталатыны да, мифтанушылардың «(она) почиталась в Египте по именем Исиды» (Мифы народов мира. С. 547) дейтіндері де, оның Африкаға келіп, осы тана халқына билік жүргізген кезі. Басқаша айтқанда, Ионың сиыр «танадан» халық тананың бір мүшесіне айналған кезі.

Осындағы әрі халықтың (этноним), әрі өзен-көлдің (гидроним) ортақ атауы ретінде танылған «тана» сөзі де түрік тілінің төл тумасы. Мысалы, түрік халықтарының бірі – қазақтар сиыр малының жаңа туған төлін «бұзау» деп атап, одан арғысын өсу сатысына қарай: торпақ – баспақ – тана[9] (еркегі: тайынша) – құнажын (еркегі: құнан) – дөнежін (еркегі: дөнен) – сиыр (еркегі: бұқа) деп атайды. Тана, бейнелеп айтқанда, сиыр малының бойжеткен «қызы». Аңызда ғашық болған қызын қызғаншақ әйелі Гераның қастандығынан сақтау үшін Зевс құдайдың Ионы сиырға айналдырып жіберетіні мәлім. Осы оқиғаны баяндаған мифтанушылар Ио-сиырды орыс тілінде «корова» демей, «белоснежная телка» деп алыпты. Мифтанушылардың мұндағы «белоснежная телка» деп отырғандары, міне, осы – Тана. Африканың бір өңіріндегі тым ескі замандағы жерсу атауларының: (Бибілі, Ніл, Екібет, Тана (өзен мен көл аты), Тана, Танай (халықтың атауы), Тыныс, (Тынысном), Йер-қон (қаланың аты) – бәрінің дыбысталуының да, ұғымдық мағынасының да түрік тілінің сөздік қорындағы сөздермен дыбысталуымен де, мән-мағынасымен де бұлайша бірдей болуы осы өңірді сол тым ерте заманда түріктектес халықтардың түпкі ата-бабаларының мекендегенін толық айғақтайды деп білеміз. Бұған әдетте айтыла беретін «кездейсоқтық» дейтін ұғым айтылмаса керек.

Енді осы айтылғандардың бәрін ой таразысынан өткізіп, бірін-бірімен сабақтастыра зерделесек, Ио есімі мен тана атауының өзара байланыс негізін танумен бірге миф авторларының Ионы басқа жануарлардың біріне емес, неге Зевске тек сиырға айналдыртқанының да, сондай-ақ неге оны басқа жерде емес, тек Африка жеріне, тана халқының ортасына келгенде ғана қайтадан адам қалпына келтіретінінің де мәнін түсіну онша қиындық туызбайды. Ал бұл деректер, өз тарапынан, Зевс пен Ио туралы аңызды өмірге келтірушілердің «тана» деген халық екенін және оның сиырдың екі жасар кезіндегі атауынан алынғанын жақсы білетін түріктектес халықтың арғы ата-бабаларының бірі екенін дәлелдесе керек.

Ио осы тана еліне келіп, құдай-анаға айналып, баршаға бірдей танылған кезде «Тана-Ай» (Танай) деп аталған. Бұл бүгінгі тілдік қолданыс заңдылығына орай айтқанда, «Айдың танасы», «Ай басқарған тана елі» деген ұғымдарды білдіреді. Уақыт өте келе ауыздан ауызға көшіп, айтылу барысында «т» дыбысы «д» дыбысына өзгеріп, «танай» атауы кейін «данайға» айналған[10]. Мифтанушы ғалымдардың тана халқының х.э. дейінгі төртмыңыншы жылдары Африкадан Аргосқа қоныс аударған кезінің оқиғаларын баяндағанда оларды «данай», «данайлықтар» (данайцы) деп атайтыны да сондықтан.

Ио Африкаға келгеннен кейін Зевс оны сиырдан қайтадан адам кейпіне түсіріп, оған үйленеді. Екеуі балалы болып, өмірге Эпаф атты ұл келеді. Кейін ол, Прометей айтқандай, бүкіл Египеттің билеушісі болады және оның ұрпақтарынан аңыздың атақты батырлары шығады. Солардың бірі – әйгілі он екі ерлік жасап, аты аңызға айналған, Прометейдің өзін азаптан құтқарған атақты Геракл[11].

Міне, осы айтылғандардың бәрі тым көне заманда Африканы түрік халықтарының арғыбабалары мекендегеніне, Ионың солардың бір перзенті екендігіне күдік қалдырмайды ғой дейміз. Бірақ солай дегенмен де, бұл арада, негізгі тұжырымдардың бәрінің бірыңғай тек мифтік аңыз деректеріне сүйеніп жасалғанына қарап, оқырманның кейбіреуінің айтылғанды қалайда бірден қабылдай қоюының киындығын да ескермеске болмас. Өйткені миф дерегі қалай дегенде де жан-жақты зерттеліп, ақиқаты анықталған ғылыми дерек емес қой. Сондықтан осы жағдайды ескере отырып, миф дерегінде де шындықтың дәні барлығына айғақ ретінде енді, басқа емес, «тарих атасы» деп танылған Геродоттың атақты «Тарихындағы» Иоға қатысты деректерге үңіліп көрелік.

Бұл ретте тарих атасы өз еңбегінде Ио туралы жоғарыда сөз болған көне грек аңызынан мән-мазмұны мүлде бөлек, парсылар мен финикиялықтардың аузынан өз құлағымен естіген дерегін алға тартады. Соның Ионың Аргостан Египетке келуіне қатысты парсылардың айтуындағысы мынау: «По словам сведующих среди персов людей, виновниками раздоров между эллинами и варварами были финикияне. Последние прибыли от так называемого Красного моря к нашему и поселились в стране где еще живет. Финикияне тотчас же пустились в дальние морские путешествия. Перевозя египетские и ассирийские товары во многие страны, они, между прочим, прибыли и в Аргос. Аргос же в то времена был самым значительным городом в стране, которая теперь называется Элладой. Когда финикияне прибыли как раз в упомянутый Аргос, то выставили свой товар на продажу. На пятый или шестой день по их прибытию когда почти все товары уже были распроданы, на берег моря среди многих других женщин пришла и царьская дочь. Ее имя было Ио, дочь Инаха, так же называли ее и эллины. Женщины стояли на корме корабля и покупали наиболее приглянувшиеся им товары. Тогда финикияне по данному знаку набросились женщин. Большая часть женщин, впричем, спаслась бегством, Ио же с несколькими  другими они успели захватить. Финикияне втащили женщин на корабль и затем поспешно отплыли» деп аяқтайды. Содан соң Геродот оқырмандарға өздерің салыстырып ой түйіңдер дегендей, осы оқиғаның финикиялықтардың айтуындағы нұсқасын да ұсынады.

Онда: «О похищении же Ио финикияне рассказывают иначе, чем персы, вот что. Именно, по их словам, они вовсе не увезли Ио насильно в Египет. Так как она уже Аргосе вступила в любовную связь с хозяином корабля. Когда почувствовала себя беременной, то от стыда перед родителями добровольно уехала с финикиянами, чтобы скрыть свой позор. Так рассказывают персы и финикияне, что до меня, то я не берусь утверждать случилось ли это именно так или какнибудь иначе (Геродот. История. – М., 1989. – С. 1-2).

Көріп отырғаныңыздай, мұнда да әңгіме Аргостың патшасы Инаханың қызы Иоға қатысты болып отыр. Бірақ мұнда баяндалатын оқиғаның әуені де, ішкі мән-мазмұны да жоғарыда айтылған мифология деректерінен тіпті бөлек, мүлде басқаша. Мұнда құдайлардың араласуымен болып жатқан адам сенбес ғажайыптар да, есіңді алып, еліктірер мифтік әсірелеулер де жоқ. Бәрі өмірде болған, болатын жайлар. Барлы-жоғы көне заманның көпке белгілі бір тарихшысы бір кезде болған оқиғаға қатысты парсы мен финикия жұртының осы оқиғадан хабары бар өкілдерінен өз құлағымен естігендерін сол күйінде, ешқандай қоспасыз, қайталай баяндап берген.

Енді осы деректерді, яғни парсы мен финикиялықтың әңгімелері берер мәліметтерді бұған дейін айтылған жайлармен сабақтастыра салыстырып, тарихи шындықтың дәнін табуға талаптанып көрелік.

Бұл арада басын ашып айтар мәселе: біз үшін Геродот келтірген оқиғаны айтушылардың айтқандарының қайсысынікі дұрыс, қайсысынікі бұрыс екендігінде емес. Ол – басқа тақырып. Ал бұл жерде біз үшін керегі – оқиғаның, қандай жағдайда болсын, мейлі ол парсылар айтқандай ма, жоқ, әлде финикиялықтар айтқандай ма – бәрібір, әйтеуір оның нақты өмірде болғандығында, сол өмірде болғандығының арқасында бұл оқиға халықтың жадында сақталып, Геродоттың қаламы арқылы бізге жетіп отырғанында. Осы арқылы біз жоғарыда айтылған Иоға қатысты әңгімелердің бәрі бірдей қияли бос сөз емес, солардың қай-қайсысының да өзегінде тарихи шындықтың жатқандығына сене бастаймыз. Егер бұл оқиғаның болғаны шындық болмаса, бірбіріне қатысы жоқ екі халықтың өкілдері Ионың Аргостан Африкаға кетуінің эллиндер мен египеттіктердің қырқысуына себеп болғанын бұлайша дәл айта алмас еді. Мұның сыртында өзі естіген қай дерекке болсын сын көзімен қарап,

6-120

оған өз көзқарасын ашық білдіріп отыратын кәнігі тарихшы Геродоттың өзі де: «Парсылар мен финикиялықтар осылай дейді. Олардың айтқандарының дәл солай немесе басқаша болғанына мен куәлік ете алмаймын» деп, айтушылардың сөзінің дұрыстығына кепілдік бермейтінін айтқанымен, жалпы оқиғаның болғанына тарихшы ретінде ешқандай күдік келтірмейді. Тарихи факті есебінде ұсынады. Ал бұл, өз тарапынан, Геродот пайдаланған халықтың ауызша тарихының дерегі мен жоғарыда әңгімеге арқау болған мифтік аңыз дерегінің өзара іштей үндесіп, ортақ өзегінде тарихи шындық жатқанын көрсетеді. Осыдан кейін біздің Африкадағы таудан қашалған әйел мүсінінің иесі – Геродоттың «Африка жабайылары» деп атайтын ежелгі түріктектес халықтың перзенті «Ай (Ио, Иө, Тана-Ай) ханым» деген тұжырымға келуіміз шындыққа кері болмаса керек. Ежелгі заманда осындай аса ерекше құрметке ие болып, алып ескерткіш жасарлықтай Африканың арғы-бергі ауызша не жазбаша тарихында Иодан басқа бірде-бір әйел заты кездеспейді. Сондай-ақ Геродот дерегінен Ионың сауда-саттық жасап жүрген кемемен Африкаға келуі де оның тас ғасырдың емес, өркениетті елдің перзенті екендігін анық аңғартады.

Қалай болғанда да, осыдан кейін естен өшірілген ескі замандарда Ио (Иө) есімді әйелдің өмірде болғанына және оның Аргостан Африкаға қоныс аударғанына кім-кімнің де күдіктенуіне негіз жоқ сияқты. Сондай-ақ Ионың Аргостан Африкаға өз еркімен емес, белгілі бір оқиғаның ықпалымен кеткені де анық байқалады. Өйткені аңыз дерегіндегі ақ тананы шанышқақтың қуалауы да, финикиялықтардың Ионы ұрлап әкетуі де, Ионың некесіз екіқабат болып қалып, елінен қашуы да, осындай тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге араға бірнеше мыңдаған жылдар салып барып, Ионың ұрпақтары бастаған тана жұртының Аргосқа оралуы да, кейін одан әрі Еуразия кеңістігінен төбе көрсетулері де тарихи шындыққа келеді. Бірақ олар мұнда қашан, қалай келді? Оны айғақтар мифологиялық та, тарихтық та дерек сақталмаған. Алайда, оның есесіне, тана халқының сонау көне замандарда Ұлы Далада болғанын дәлелдер нақты із сайрап жатыр. Соны қысқаша қайырсақ:

Ол із: тана халқының жоғалып кетпегенін, ұрпақтарының бірден бірге жалғасып бүгінге жеткенін дәлелдер қазіргі түріктектес қазақ, башқұрт халықтарының құрамында жүрген «Тана» деп аталатын іргелі тайпалар;

Ол із: кейін «Дон» деп аталып кеткен Тана өзені (қазіргі Дон, грек жазбаларында: «Танаис» деп аталады – Қ.С.); сол өзеннің Азау (Азов) теңізіне құяр оң жағалауындағы көне заман тарихшылары жазатын Тана қаласы (х.э. дейінгі

ІІІ ғ. – х.э. кейінгі V ғ.);

Ол із: созыла аққан Тобыл өзенінің екі қапталын жайлаған танайдың (данайдың) қос тайпасы мекендеуінен «Қостанай» атанып, керіліп жатқан кең-байтақ тұтас бір өңір;

Ол із: Оңтүстік Оралдың осы Қостанай өңірі жақ бетінде атақты Аркаим төңірегімен еншілесіп жатқан Таналық өзені мен Таналық қаласы (қазір бұл қаланың орны Ирекл су қоймасының астында қалған)

Иә, іздер сайрап жатыр. Тек сол сайрап жатқан ізді жаңғыртып, өткенді бүгінмен жалғастырар шынайы тарихтың жоқтығы ғана өкінішті.

Сонымен, жоғарыда келтірілген халықтың ауызша тарихы мен жазба деректері берген мәліметтерді қорытындылап, содан тиісті ой түйсек, Африкадан италия геологі А. Питони тапқан, шамамен бұдан 35 мың жыл бұрын гранит таудан ойып қашалған, ғажайып алып ескерткішті орнатқандар: «Африканы естен өшкен ескі замандарда мекендеген түріктектес халықтардың ежелгі өкілдері» деген тұжырым жасауға толық негіз бар екенін көреміз. Ал ескерткіш кімге арналған дегенге келсек, оның Инаха (Еңаха) қызы Ио (Иө, Ай, Танай) екенінің де басы ашылды ғой деп білеміз. Бұған:

  • Зевстің көп көңілдесінің ішінен тек Ионың ғана Африкаға келуі;
  • осында оның тана жұртының билеушісі әрі Құдай-ана ретінде танылуы;
  • Египет патшаларының бәрі осы Ионың баласы Эпафтың ұрпақтары болуы, яғни Ионың бүкіл Египет патшаларының түпанасы болуы;
  • осылардың бәрінің мифтік қиял жемісі емес, өмір шындығымен тамырласып жатқанын тарих атасы Геродоттың тарихта болған оқиға дерегімен негіздеуі толық айғақ.

Бұл айғақты Африканы мекендеген ежелгі көне жұрт-тың жоғарыда талдап, атап көрсетілген байырғы халықтық атаулары мен адам есімдерінің және жер-су аттарының сөздік төркінінің түгелдей қазіргі түріктектес халықтардың тілдік қорында бар сөздермен дыбысталуының да, мағынасының да бірдей болуы одан әрі бекіте түседі. Сонымен бірге осыдан 35 мың жыл бұрын жасалынған бір ескерткішке қатысты осыншама мол мәлімет берген Халықтың Ауызша Тарихының (ХАТ-тың) арнайы мән беріп, ыждағатпен зерделей білсек, осы ескерткіш жасалынған замандарда өмір сүрген ежелгі ескі ру-тайпалардың да тарихын таныпбілуге болатынына деген сенім ұялатады. Әлем халықтарының мифтері берер тілдік, тарихтық деректерді бір- бірімен сабақтастыра салыстырып зерделей білсек, сөйтіп тас құралдар мен қаңқа сүйектер арқылы жасалған тұжырымдармен шектелмей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кейінгі замандарға жеткен халықтың өз жадының құдыретіне ден қойсақ, адамзаттық ортақ бастау тарихымызды өз болмысында танып-білуге болар еді-ау деген үміт алға жетелейді.

 

 

 

[1] (146) «Вся вселенная и покорный народ Энлиля на одном языке истину восхваляли»… «в те времена не только шумеры, но и все благочествие человечество, вся вселенная на одном языке истину восхваляли».

[2] Ғылымда Жер тарихы «архейлік», «палеозойлық», «мезозойлық» және «кайнозойлық» деп аталатын төрт эраға бөлінеді. Осының кайнозойлық эрасы «үшіншілік» және «төртіншілік» деп аталатын екі үлкен кезеңге бөлінеді.

[3] «В ХІХ в. в отложениях, относящихся к концу третичного периода, были найдены останки высокоразвитых древних обезьян, названных дриопитеками. Дриопитеки были общим предком человека и африканских человекообразных обезьян нашего времени – гориллы и шимпанзе… Открытие кости дриопитека явилось блестящих подтверждением материалистической теории Дарвина о происхождении человека от древней человекообразной обезьяны…».

[4] Мұның алдында осы ескерткіш туралы алғаш хабар берген зерттеуші Клаус Дона оның жасалған уақытын – 11-12 мың жыл, ал биіктігін «140 метр» деп көрсетіп, оның Хеопс пирамидасының биіктігімен деңгейлес екенін айтқан. Бұған қарағанда, шамасы, Клаус Донанікі алғашқы болжам, ал А. Питонидікі зерттелгеннен кейінгі нақты мәлімет болса керек – Қ.С.

[5] Бұл арада әңгіме тек түпбастау кезеңге қатысты археологиялық заттық айғақтар жөнінде. Әйтпесе, кейінгі мыңжылдықтарға қатысты археологтер тапқан мұралардың, әсіресе жазба мұралардың ататекті танудағы жетістіктері мен ашқан жаңалықтары ұшан-теңіз.

[6] Н. Кунда: бұл қорқынышты жәндікті «овод» деп атайды. Оводтың қазақшасы – «бөгелек» («бүгелек» деп те айтады). Қазақ ұғымында бөгелек тек жылқыны шағып, берекесін алатын жәндік. Ол сиырға онша қауіпті емес. Сиырдың жанын шығарып, есін тандыратын жәндікті қазақ «шанышқақ» дейді. Ескі дастандарда ес-ақылы қалмай, жан-жаққа қашқан жауды: «Шанышқақ тиген сиырдай, қоярға жанын жер таппай» деп теңейтін жолдар бар.

[7] Осы ретте моңғолдардың, тибеттіктердің, қытайлықтардың, корейліктердің, вьетнамдықтардың генофондын ДНК тәсілі арқылы тексерген генетик ғалымдардың тибеттіктер мен қытайлықтардан және моңғолдардан ДНК-ның «түріктік» төрт типін (А, В, С, Д) түгелдей тапқанын да еске сала кеткеннің артықтығы болмас.

[8] Мұны Оңтүстік Африкадағы бушмендердің апат жөніндегі мифтерінде «топан суға дейін Ай болмаған» дейтіндері де құптай түседі. Сондай-ақ Грецияның оңтүстігінде, Пелопоннесте Аркадия деген ғажайып ел болған. Солардың аңыз әңгімелерінде де топан суға дейін аспанда Ай болмағаны айтылады. Осыған байланысты кейінгі эллиндер аркадиялықтарды «Ай туғанға дейінгілер» деп атаған.

Гесиод айтқан пеласгилер де осы Пелопоннес түбегінің тұрғындары.

[9] Тана – екі жастағы сиырдың атауы. Әдетте бұл жаста тана бұзауламайды. Егер күтімі жақсы болып, ерте жетіліп, бұқадан шығып кетсе, оны «қашар» деп атайды. Ондай сиыр малын кейін «қашарында бұзаулаған» деп ерекшелеп жатады. Осындай жағдайдан болар кей аймақтарда «тана» атауының орнына «қашар» деп те атай береді.

[10] Қытайлықтар да осы әйел құдайды «Данай», «Данай-фужэнь» деп атайды. Қытай мифологиясында ол «Госпожа Великая Баушка», «покровительница царства» және «чудесная благодетельница человечества» (Мифологический словарь. – М., 1991. – С. 172).

[11] Татардың белгілі ғалымы М. Закиев «геракл» дегенді түріктің «жер» және «ақыл» деген екі сөзінен құралып, «жердегінің ақылдысы» дегенді білдіреді» деп дәлелдейді (Закиев М.З. Татары: проблемы истории и языка. – Казань, 1995. – С. 22).

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа