«Қазіргі заман қазақ ақындарының антологиясы» түрік тілінде жарық көрді   

«Қазіргі заман қазақ ақындарының антологиясы» түрік тілінде жарық көрді   

Кейінгі уақытта қазақ әдебиетінде біраз іргелі жұмыс атқарылып, қаламгерлердің шығармаларын  әлемге  танытуға талпыныс жасалып жатыр. Сондай ауқымды жобаның бірі

Кейінгі уақытта қазақ әдебиетінде біраз іргелі жұмыс атқарылып, қаламгерлердің шығармаларын  әлемге  танытуға талпыныс жасалып жатыр. Сондай ауқымды жобаның бірі  – «Қазіргі заман қазақ ақындарының антологиясы». Жоба авторы — белгілі ақын, аудармашы Танакөз Толқынқызы.  Антология ең алғаш 2017 жылы Испанияда, сол жылдың желтоқсан айында екінші рет Әзербайжан елінде жарық көрді. Жақында  қазақ ақындарының жырлары түрік тіліне аударылып, Анкара қаласында басылып шықты. Бұл жолы антологияға 58 ақынның туындысы енді. Кітапта көрнекті ақындар Ұлықбек Есдәулет, Серік Ақсұңқарұлы, Оңайгүл Тұржаннан  бастап, орта буыннан Дәулеткерей Кәпұлы, Талғат Ешенұлы, Бауыржан Бабажанұлы, Руслан Нұрбайлармен қатар   Жәнібек Әлиман, Батырхан Сәрсенхан, Әлия Іңкәрбек сынды бірнеше жастың  шығармалары жарияланды.

Түрік тілінде шыққан антологияның негізгі демеушісі — «Окуклы» холдингінің президенті Ильмаз Окуклы. Қазақ ақындарының жырларын түрік тіліне жолма-жол аударған аудармашы   — Гүлназ Файзолла.  Ал әдеби аудармасымен  Октай Хаджымусалы айналысты. Түрік тіліндегі аудармаға бірнеше кәсіби ақындар үлес қосты.  1000 дана болып жарық көрген  жинақ  Түркия кітапханаларына таратылады.

Басқада

Пікір қалдырыныз

Сіздің электрондық поштаныз жарияланбайды.

Сонғы жазбалар

Мультимедиа