• Ақұштап Бақтыгереева. Оспанхан Әубәкіров баласын қалай алдады?!

    Ақұштап Бақтыгереева. Оспанхан Әубәкіров баласын қалай алдады?!0

    Алматы мен Астана секілді мәшһүр қалалардан шалғайда жатқан ақын Ақұштап Бақтыгереева өткен ғасырдың соңында жазушылық ортада жүріп, талай қанатты сөз қалдырған қазақтың белгілі ақын-жазушыларының мінез, болмысы жайлы жазған естелігін оқыңыз!

    Толығырақ
  • Елдар ОРАЗАЛИН: Ұлы Мұқаңның соңғы хаты әкеме арналыпты

    Елдар ОРАЗАЛИН: Ұлы Мұқаңның соңғы хаты әкеме арналыпты0

    «Дана Мұхтардың дара шәкірті» атанған Кәмен Оразалин туралы әңгіме қозғағанда ұлы Мұхтар Әуезов жайында айтпай кету мүмкін емес. Өйткені, Кәмен Оразалинге Мұхтар Әуезовтей ұлы тұлғамен үзеңгілес болу, шексіз ұлағатын көру бақыты бұйырыпты. Биыл Мұхтар Әуезовтің сүйікті шәкірті, халық жазушысы Кәмен Оразалинге 100 жыл. Осы орайда жазушының ұлы Елдар Оразалинмен сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.

    Толығырақ
  • Қуат Қиықбай. ЕРАЛЫ  ЖАЗЫҒЫ

    Қуат Қиықбай. ЕРАЛЫ ЖАЗЫҒЫ0

    Түйе табан, атан тұлғалы автокөлік Күшікбайдың кезеңіне көтерілгенде тізгін тартып, кілт тоқтай қалды. Көлік ішінен секіріп екеу, сүйретіліп біреу түсті. Жүргізуші түсуге асыққан жоқ. Әлгі үшеуі беті–қолдарын шаю үшін бұлақ басына қарай жылжығанда, отырған қалпы шалқайып шылымын тұтатып алып, созалаңдап әрең дегенде табанын жерге тигізді. Бұлар күні бойғы шілденің шіліңгір ыстығын өткеріп, батар күнмен таласа Семейден батысықа қарай жүз шақырым жердегі қыстауға бара жатқан жолаушылар еді.

    Толығырақ
  • Құрманбай Толыбаев. «Қараторғай»

    Құрманбай Толыбаев. «Қараторғай»0

    Даладан жылы леп есті. Адырларды жапқан қалың қар бір аптаның ішінде сабындай көпіршіп еріді де, алашабырланған қыр-қырқаның буы бұрқырай бастады. Аула мен есік алды, қора маңы едәуір құрғап қалып еді, күншуаққа отыратын қарттардың қарасы көбейді. Балалар да жадырап сала берді. Дегдіген алаңқайларға топтанып, доп қууға кіріскен-ді.

    Жұрт көңілі көтеріңкі. Біреуі есік алдындағы арықты тазалап, біреулер тал-терегін отап, қауырт қимыл дүбірі ауыл әрекетінен анық байқалады.

    Толығырақ
  • Қарлығаш Қабай.  «Моңғолияға Әмірсана қайта келген кез»

    Қарлығаш Қабай. «Моңғолияға Әмірсана қайта келген кез»0

    Бір уақыт – бір оқиға – бір қасірет. Екі уақыт – екі шығарма – екі қолтаңба. Әңгіме өткен ғасырдың назардан тыс оқшау қалған ең қасіретті қолтаңбаларының бірін қалдырған жылдар жайлы болмақ. Ендігі ол оқиғаны көзбен көргендердің барлығы дерлік келместің құшағына мәңгіге құлаған шығар. Одан бері ғасырдан да ұзақ жыл өтті. Сол жылдар шеттегі қазақтың көкірегіндегі

    Толығырақ
  • Манарбек Қыдырбайұлы. Мысық

    Манарбек Қыдырбайұлы. Мысық0

    Тамұқтың түбіндемін… Қою қошқыл қорқынышты қараңғылық тұмшалаған… Қайдан келдім? Қалай келдім? Бәрі беймәлім, бір білерім, жалғаннан жырақтадым, көз алдым көлбеңдеген елестер, айналам ащы запыран айғай шу… мыңдаған, милиондаған мысықтың мияулаған дауысы миымды мыжғылап, санамды суалтты, жаным қысылып тәнім мысықтарға жем болды. Қанішер мысықтар кестенің бізіндей өткір жез тырнақтарымен өн бойымды тырналап, өзегімді өртеп, адамзатта кеткен

    Толығырақ